«Даму» Қорының қолдауы арқасында Жаңаөзендік кәсіпкер қоғамдық көлік тапшылығын шешуге атсалысуда

Жаңалықтар
17.06.2016

Жеке кәсіпкер Күшербай Иманбаев 1998 жылдан бері өзінің жеке және жалдамалы «Газель» маркалы шағын автобустарымен жолаушылар тасымалымен айналысып келеді. Бүгінгі күні кәсіпкердің өзінің жеке бағыттық базасы бар. Оның аумағында жазғы тұрақ үшін орындар, дер кезінде қызмет көрсету және автокөлік жөндеу орталықтары бар.


Оның айтуынша, қалада он екі бағытта жұмыс істеп отырған бағыттық желілер бар. Соған қарамастан Жаңаөзен қаласында қоғамдық көлікке тапшылық бар. Осыған орай 2015 жылдың шілдесінде мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып «Бизнестің жол картасы 2020» бірыңғай бағдарламасының аясында жолаушылар тасымалын жүзеге асыру үшін жаңа жабдықталған, жайлы 4 шағын автобус сатып алды.


Қазіргі таңда кәсіпкер жолаушылар тасымалын сәтті жүзеге асыруда. Мәселен Жаңаөзен-Рахат бағыты бойынша тұрғындарға тез арада қатынау мүмкіндігі пайда болған. Осылайша бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде кәсіпкер несие бойынша 14%-дың 10 пайызы көлемінде субсидия алып отыр. Сонымен қатар, ол «Даму» Қорының кепілдігін де пайдаланған болатын.


Жаңа автокөліктерді іске қосу жолды қысқартып қана қоймай, автокөліктердің санын арттырып, қала және жақын маңдағы ауылдардағы барша жұрттың жол азабын жеңілдетті,-дейді Иманбаев Күшербай. Кәсіпкер бұдан былай тағы он шағын автобус сатып алуды жоспарлап отыр.