info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

«Алтын сапа» Президенттік сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары», «Іскер» республикалық көрме-байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті

Жаңалықтар
11.12.2017

2017 жылғы 6 желтоқсанда Астана қаласының Конгресс-орталығында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың, ҚР Премьер-Министрі Сағынтаев Б.А., «АТАМЕКЕН» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Президиумының төрағасы Кулибаев Т.А. қатысуымен «Алтын сапа» Президенттік сыйлығының, «Қазақстанның үздік тауары», «Іскер» республикалық көрме-байқауының лауреаттарын марапаттау рәсімі өтті.

"Бизнестің жол картасы-2020" Бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы және өңдеу өнеркәсібін қолдау бағдарламасының қатысушылары "Zhamal-ai" LTD ЖШС және "MKS Logistics" ЖШС Республикалық байқаудың жеңімпазы атанды.