2006 жылы Роза Танашова тамақ өнімдерін сатумен кәсіпкерлік қызметті бастады. Кейінірек Роза ақша жинап, Арқалықтағы азық-түлік дүкенін сатып алды. Қостанайдағы азық-түлік дүкенінде өзі сауда жасап, өзі тауар тасыды. Ал қазір Роза Арқалық қаласында жартылай фабрикаттар шығаруға кірісті.
«Даму» қорының кәсіпкерлік тренингінің барлық кезеңдерін аяқтағаннан кейін мемлекеттік грантқа ие болды. Гранттың көмегімен Роза құрал-жабдық сатып алды. Оның өнімдері қала тұрғындары арасында өте танымал, өйткені Роза Арқалықтың етін ғана пайдаланады.
2016 жылы Роза «Назарбаев Университеті» базасында Астанада «Шағын және орта бизнестің топ-менеджментін оқыту» жобасына да қатысты.
Бірде ол «Даму» Қорының Арқалық қаласындағы өкілдігіне келіп, бұқаралық кәсіпкерлік бағдарламасы туралы біліп, соның аясында 6% жеңілдікпен несие алу мүмкіндігіне ие болды. Ал қысқа мерзім ішінде «Қазақстан Халық Банкі» Розаға 3,5 млн теңге көлемінде несие берді. Кепіл болмағандықтан үшін 1,5 млн. теңге мөлшерінде «Даму» қоры кепілдік берді.