2017 жылдың 14 желтоқсанында Маңғыстау облысының әкімі Тоғжанов Ералы Лұқпанұлының қатысуымен, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында, «Мунайлы» ауданында «Даму» қорының қолдауымен әлеуметтік маңызы бар бөтелкедегі су өндіретін зауыт нысанының салтанатты ашылуы өтті.
«Керуен» ЖШС кәсібі отбасылық сипатқа ие және 19 жыл бойы кәсіпкерлік тәжірибесі бар жоба. «Керуен» ЖШС кәсібі әртараптандырылған, бірнеше бағыттардан тұрады, соның ішінде Маңғыстау облысында бөтелкедегі су өндірісі жүзеге асырылады. Бизнестің осы бағытын дамыту мақсатында бұл жоба мемлекеттік қолдауға ие болды, нақты айтқанда «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы (әрі қарай – біріңғай бағдарлама) аясында пайыздық мөлшерлемесі субсидияланды, сондай-ақ кепілдікке ие болды.
Бұрын «Керуен» ЖШС 5 литр мен 19 литр шөлмектегі суды өндіріп, сатқан болатын. Сатылған өнімдердің спектрін кеңейту, сондай-ақ бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында компания 0,5л, 1л, 1,5л, 5л, 10л, 19л мөлшерінде бөтелкеленген суды шығаратын жабдықты сатып алу туралы шешім қабылдады. Бөтелкедегі су «Керуен» брендімен шығарылады. Бұл құрал-жабдықтар автоматты түрде өндірістің толық циклін (матрица бойынша) қамтиды: су құю, қақпақтарды қатайту, жапсырмаларды жапсыру, мерзімін қоюға арналған әрекеттерді орындайды. Бұрын бұл әрекеттер қолмен орындалатын болатын.
Осы жобаны іске асыру үшін клиент «Сбербанк» АҚ ЕБ қаржыландыруымен 14% мөлшерлемемен 60 айға 85 млн сомаға несие желісін рәсімдеді. Бұл несие «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың біріңғай бағдарламасы арқылы жүзеге асқандықтан 14% мөлшерлеменің ішінде 10% субсидияланып 4% Кәсіпкер төлейді . Сондай-ақ , кепілзаттың жеткіліксіз болу себебінен «Даму» Қорының кепілдігі қолданылды.
Бұл цех Мұнайлы ауданының аумағында Қызылтөбе ауылында орналасқан. «Керуен» ЖШС шөлмекті бөтелкедегі суды өндіру және сату бойынша қажетті сапа сертификаттары бар. Жобаны жүзеге асыру барысында 60 жаңа жұмыс орны ашылады деп күтілуде.