«Даму» Қоры» АҚ Қарағанды облысы бойынша аймақтық филиалы 2017 жылды қорытындылады

Жаңалықтар
18.01.2018

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында Қарағанды облысы бойынша 125 кәсіпорынға субсидия бөлу туралы келісім-шарт жасалды. Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асырудағы белсенді банктер: «Qazkom» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Сбербанк России» АҚ ЕБ.

Қарағанды облысы бойынша «Даму» Қоры 54 жобаға кепілдік берді. Жалпы кепілдіктің сомасы 1 118 млн теңгені құрады. Осы құрал бойынша белсенді банктер қатарында: «Цеснабанк» АҚ, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Альфабанк» АҚ.

Өткен жылдың үшінші тоқсанында Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру басталды. Осы бағдарлама аясында 854,2 млн. теңгеге 35 жоба қаржыландырылды.

Өткен жылдың екінші тоқсанынан бастап, «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарлама жеке құрылыс салушыларға сыйақы мөлшерлемесі шеңберінде  ҚР Ұлттық Банк және «Даму» Қоры жылына 7% субсидиялайды. Қарағанды қаласында тұрғын үй құрылысын жүргізетін 1 компанияға 500 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

«Даму» қоры қаржылай қолдаудан басқа оқыту арқылы кәсіпкерлерге бейқаржылық қолдау көрсетеді. «Назарбаев Университет» бизнес-мектебі жанында өткен жылы 33 компанияның топ-менеджерлері  оқып қайтты. «Жаңа бизнес ашуды қолдау жобасына» іс бастаушы 61 жеке тұлға қатысып, соның 15-і жеке кәсіпкер немесе заңды тұлға ретінде тіркелді.

«Асылдар» жобасы шеңберінде облыс бойынша 3 компанияға диагностика жасалып, нәтижесінде «Жол картасы және іс-қимыл жоспары» әзірленді.

Мүмкіндігі шектеулі кәсіпкерлерге арналған «Даму-Көмек» жобасы бойынша ісін жаңа бастаған 10 кәсіпкерге демеушілік жасалды.

Өткен жылы қаржылай емес қолдау аясында «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығында» 4 618 клиенттерге 5000-нан аса қызмет көрсетілді. Кеңес алумен қатар, КҚКО мемлекеттік қолдауды алуға екінші деңгейлі банктерге дейін жобаларды сүйемелдеу қызметін алуға болады. Мұндай қолдауды 2017 жылы Қарағанды облысының 100-ге тарта кәсіпкерлер пайдаланды.