menu
Жабу

Ақтау қаласында отбасылық бизнестер «Даму» қорының бағдарламаларына белсене қатысуда

Жаңалықтар
29.01.2018

Жамбыл Қарасаевтың отбасын стомотологтар династиясы деуге болады. Болашақта да солай жалғаса беретін сияқты. Тіс дәрігері мамандығын Жамбылдан басқа, інісі мен анасы да меңгерген. «KARDENT» ЖШС - «Даму» қоры арқылы мемлекеттен қолдау алған отбасылық бизнес. Компания 2012 жылы құрылған және бизнестің осы саласында мол тәжірибеге ие. Стомотологиялық қызметтің  түрлері мен сапасын кеңейту мақсатында, компания  GXDP-700S сандық рентген-панорамалық стоматологиялық аппаратын алды. Соның арқасында имплантология мен протез жасауға мүмкіндік туды.

 Осы жобаны іске асыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» арқылы 36 айға алған 16%-дық несиенің  7%-ы  субсидияланды. Қалғанын кәсіпкер өтейді. Кепілдік жетіспеуіне байланысты «Даму» қоры кепілдік берді.

«KARDENT» ЖШС стоматологиясы екі жерде орналасқан. Алғашқы стоматология Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылында.  2012 жылдан бастап жұмыс істеп тұр. Екінші  «ProSmile» стоматологиясы Ақтау қаласындағы 31Б шағын аудан, 30 уйде орналасқан. 2016 жылдың сәуір айынан бастап жұмыс істейді. Стоматологиялық кабинеттер барлық қажетті жабдықтармен және байланыс жүйелерімен толық жабдықталған.