Жас бастаушы кәсіпкер – Сұлтанбек Жұмабековтың жобасы даму және қайта құру еуропалық банкі қаржысының есебінен қолдау алды.
Жұмабеков Сұлтанбек – қазіргі таңда бағдарлама бойынша қолдау алған көп кәсіпкерлердің бірі. Сұлтанбектің өзінің кішігірім меншікті ісі бар. Комапния құрылыс, такелажды жұмыстармен айналысады. Жұмыс көлемі көбейіп, енді фронталды тиеуішті сатып алу туралы мәселе көтерілді.
Кәсіпкердің Банктің алдындағы кепілі жеткіліксіз болғандықтан Сұлтанбек біздің Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келді. Біздің КҚКО менеджері Мадина Баденова бағдарламаны іріктеп, толық пакет құжаттарды жинауға көмектесті.
Павлодарлық банктердің біріне өтініш беріп, Сұлтанбек несиелендіруде оң шешім қабылданатынына үміттенді. Бірақ банк кәсіпкердің пайдасына шешім қабылдамады.
Банктің бас тартқанына қарамастан Сұлтанбек басқа банктің мақұлдауын алуды байқап, берілмеуді шешті.
Өтініш ЦентрКредитБанкіне берілді және үш жұмадан кейін техника сатып алу үшін 10 млн. теңге көлемінде несие мақұлданды.
Біз Сұлтанбектен өзі сияқты бастаушы кәсіпкерлерге не айтқысы келетінін сұрап, мынадай жауап алдық:
«Сәтсіздікте берілмеу керек. Егер алғашқы қиындықтардан сескенетін болсаң, онда тіпті осы кәсіпкерлік сенің ісің екеніне ой салу керек. Ия, әрине барлығы алғашқы сәттерден-ақ болғанын қалайсын, бірақ оның бәрі арман ғой. Ал істе барлығы басқаша. Бір есіктің ашылуы үшін, көптеген есіктерді қағуға тура келеді. Сондықтан достар, өз күштеріңізге және өз жетістіктеріңізге сеніңіздер».