menu
Жабу

«Даму» Қорының қолдауымен бизнестің жаңа түрі қолдау алды

Жаңалықтар
05.02.2018

2017 жылдың желтоқсан айында «Даму» қорының Жамбыл облыстық филиалында теңдесі жоқ жоба қолдау алды.

Қордың пайыздық мөлшерлемеге шаққанда несиенің 85% құрайтын 8,9 млн теңге кепілдігінің арқасында «Қазақстан Халық банкі» АҚ 6% мөлшерлемемен 5 жылға 10,5 млн теңге несие беру туралы шешім қабылдады. Несие Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында берілді.

 Каршеринг (carsharing) – тараптардың бірі меншік иесі болмаған жағдайдағы автокөлікті қолдану түрі. Бұл - автокөліктерді жеке тұлғалардан (келісім бойынша – қалаған мерзімге және кез-келген қашықтыққа) немесе арнайы серіктестіктерден (көбінесе қаланың ішінде және/немесе қысқа сапарға) жалға алу нұсқасы.

Уикипедия осылай дейді. Былай қарасақ, бұл өте қажетті қызмет түрі және көлік жалдағысы келген жандар үшін ұсыныс та көп болуы тиіс. Алайда, Тараз қаласында дәл осындай бизнес түрі жоқ болып шықты. «РОНАТ» жеке кәсіпкерлік иесі Натальи Деда осы жағдайды өз пайдасына жарата білді. Өз кәсібін 2016 жылы екі автокөлікпен бастап, бір жылдың ішінде көлік санын төртеуге жеткізді. Бұл қызмет түрі іс сапармен жүрген адамдар арасында көп сұранысқа ие. Сондай-ақ әр түрлі ұйымдардан да сұраныс түсуде. Осылайша кәсіпкер нарықтағы табысты саланы дер кезінде таңдай білді.