info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Zhetysu-SD ЖШС құрылысқа қиыршық тастар өндіреді

Жаңалықтар
05.02.2024

«Zhetysu-SD» компаниясы 2016 жылдан бастап қиыршық тас өндіру үшін тау жыныстарын игеру саласында жұмыс істейді. Карьер Жетісу облысының Қаратал өзенінің жағасында орналасқан. Жалпы ауданы 46 га. Бұл карьерде бастапқы шикізат-гранит тау жынысы өндіріліп, кейіннен ұсақтау-сұрыптау кешенінде қиыршық тасқа айналдырылады.

Қиыршық тас – заманауи құрылысқа қажет материал. Бұнсыз ешбір ғимарат салынбайды десе де болады. Көп қабатты үйлердің іргетасы, дренаж жүйелер, тірек т.б. үшін аса маңызды.

Бәсекеге қабілеттілікті арттыру үшін компания «Даму» Қорына қиыршық тас өндіру және одан әрі сатуға қажет арнайы техника сатып алу үшін жүгінді. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында компания «Қазақстандағы Иджара компаниясы» АҚ арқылы инвестицияға несие алды.

Қазір «Zhetysu-SD» ЖШС тау жыныстарын өндіруге және қиыршық тас өндіруге арналған техникасы толық, облыстағы жетекші кәсіпорын.Компанияның барлық қызметі лицензияланған. Компанияның өнімдері сапа саласындағы халықаралық талаптарға сәйкес келеді. Компания қызметкерлері сапа саласындағы білімдерін үнемі жетілдіріп отырады.

Инстаграм: @zhetysu_sd

Телефондары: 8 701 149-95-87, 8 701 111-89-44

Мекен-жайы: Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Алдабергенов көшесі 62