Қазақстанда қазір бизнесмендер әлеуметтік бағдарлы бизнес ашуға талпынады. Балаларға арналған ойын-сауық кешені бизнестің «экологиялық» түрі ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік жауапты сала да. Балалар ойын бөлмесін ашу арқылы кәсіпкер балалардың дамуына жағдай жасайды, инфрақұрылым мен экономиканы жақсартады.
Жеке кәсіпкер Виршки Игорь Аликович 2001 жылдан бастап бизнесте. Негізінен Талдықорған қаласында сауда үй-жайларын жалға берумен айналысады. Қазір кәсіпкер балалардың ойын-сауық орталығына деген қажеттілікті көріп, ойын орталығы үшін шағын ғимаратты жалға алып, «Big-Smile TURBO» отбасылық ойын-сауық орталығын ашуға шешім қабылдады.
«Big-Smile TURBO» отбасылық ойын-сауық орталығы – Талдықорған қаласындағы ең үлкен кешен. «Мега орталықта» орналасқан жалпы ауданы 3500 ш.м. отбасылық-ойын-сауық орталығында спорт батуттар, әткеншек, карусель, үрлемелі сырғанақтар сияқты аттракциондар орналасқан. Мұнда келушілер балалардың бос уақытын өте көңілді өткізе алады.
Компания инвестиция қажет болғанда «ForteBank»-тен несие алды. Жобаны субсидиялау және кепілдік беру құралдары бойынша «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында «Даму» Қоры қолдады.
Инстаграм: @bigsmail_turbo
+7 705 577 84 77
Жетісу облысы, Талдықорған қаласы, Қонаев көшесі, 12