Тараз қаласында «Cofee-Coffee» балалар ойын-сауық кешенінде компьютерлік клуб ашылды

Жаңалықтар
16.05.2024

Жеке кәсіпкер Цой Юлия Дмитриевна 2001 жылы бизнес тіркеп, «Coffe-Coffee» балалар ойын-сауық кешенін ашып, халыққа қызмет көрсетуді бастаған.

Ғимартта үлкен кең зал, жазғы терраса мен мейрамхана, 3-тен 12 жасқа дейінгі балаларға арналған үлкен ойын алаңы, 0-ден 3 жасқа дейінгі балаларға арналған шағын ойын алаңы, VIP-кабиналар бар. Онда ата-аналар балаларының туған күндерін немесе кез келген мерекені тойлай алады.

Юлия Цой 2023 жылы 8 жастан асқан балалар үшін компьютерлік клуб ашуды шешті. Себебі ересек балалардың мұнай ойын алаңында ойнауға қызығушылығы бола бермейді.

Осы мақсатта Юлия Цой «Жамбыл облысы бойынша Даму» қорының аймақтық филиалынан толық кеңес алып, «ForteBank» АҚ-ға несие алу үшін жүгінді. Несиенің пайызын «Даму» қоры «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялады.

Осылайша, «Цой Ю.Д.» 2023 жылы компьютерлер сатып алуға қаражат алған соң, енді кішкентай балалар ғана емес, сондай-ақ жасөспірімдер де өздерінің жақындарымен бірге «Coffe-Coffee» кешенінде бос уақытын жақсы өткізе алады.

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Төле би көшесі, 61а

Телефон: +7776-018-88-08

Instagram: @coffee_coffee_taraz