menu
Жабу

Кеңес ал!

HR

HR • Қордағы мансап

Құрметті талаптанушылар!

Біз істен нәтиже шығаратын, дамуды, команда жұмысын жан-тәнімен беріліп адамдарды бағалаймыз.

Біз өсу, даму және өз жұмысының нақты нәтижесін көруді маңызды деп санайтын адамдарды іздейміз. Жаңа дүние білуге құмар, командада жұмыс істей алатын және бизнес-процестер құрудың заманауи тәсілдерін игеріп, озық ақпараттық жүйелерді пайдалануға қызығатын мамандар жанымызға жақын.

Еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының талантты студенттері үшін Қордың есігі айқара ашық. Біздегі өз саласына сай келетін бөлімшеде тәжірибеден өтіп, нақты тәжірибе жинауға, кәсіпкерліктің дамуына әсер ететін шаруалардың жасы-қасында жүруге мүмкіндік мол. Тәжірибеден өту мерзімі аяқталған соң үздік түлектерді өз командамызға тартып, мансап жолына түсуге мүмкіндік береміз. Бізге әсіресе болашақ қаржыгерлер, экономистер, талдаушылар, математиктер, IT, құқықтанушы, маркетолог, халықаралық ынтымақтастық саласы, стратегиялық талдаушылар, менеджмент және риск саласындағы мамандар ерекше қызықтырады.

Біз кәсіби өсу жолында ашық әрі жайлы орта ұсынамыз. Біліктілікті арттыруға, қатардағы қызметкерден басшылыққа дейін өсуге, мансап жолында кедергісіз жылжуға, өз әлеуетін ашуға көмектесеміз.

Біздегі жұмыс несімен қызықты:

Мағыналы жұмыс
Сіз елдегі бизнес пен экономиканың дамуын қолдайтын жобаларға қатысасыз.
Даму және өсу
Біз оқуды, тәжірибе алмасуды және кәсіби дамуды ынталандырамыз.
Командалық атмосфера
Біз ашықтықты, өзара құрмет пен қолдауды бағалаймыз.
Ықпал ете алу мүмкіндігі
Қызметкерлердің идеялары маңызды және іс жүзінде қолдау табады.
Адал және түсінікті ережелер
Жариялы процестер, түсінікті мақсаттар мен нәтиже.

Қызметкер қабылдау тұрақты конкурс негізінде мынадай тәртіппен жүзеге асырады:

1
Вакансия жариялау «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Бірыңғай мансап порталында бос лауазымдар болған жағдайда.
2
Бастапқы іріктеу кезеңі HR қызметі жұмыс іздеушілерді алдын ала іріктейді. Іріктеуден сәтті өткен жағдайда үміткерлер кездесіп, сұқбаттасуға және/немесе кәсіби білімі бойынша тест тапсыруға шақырылады.
3
Конкурс қорытындысы Конкурс қорытындысы бойынша барлық кезеңдерден сәтті өткен талапкерлер «Даму» Қорына жұмысқа орналасуға шақырту алады.