menu
Жабу

Вакансии Фонда "Даму"

Қор Туралы

Қордағы қызметтер


Құрметті ізденушілер!

Бізді нәтижеге қол жеткізуді және кәсіби білімдерін жетілдіруді мақсат тұтатын, командада жұмыс істей алатын, бизнес-үдерістер әдіснамасын және озық ақпараттық жүйені меңгерген кәсіпқой мамандар қызықтырады.

Қор еліміздің ЖОО үздік студенттеріне Қордың профильді бөлімшелерінде тәжірибе өтуді ұсынады, оқуды тәмамдағаннан кейін бітірушілерге біздің командамызға қосылу жайында ұсыныс болуы мүмкін. Бізге болашақ қаржыгерлер, экономистер, талдаушылар, математиктер, программистер қажет.

Қор мансапты және кәсіби жағынан өсуді жоспарлаудың, қызметкерлерді алмастыру және кадр әлеуетін басқарудың ашық және тиімді жүйесін ұсынады.

Қызметкерлерді қабылдау тұрақты конкурстық негізде келесі тәртіп бойынша жүзеге асырылады:

  1. Бос лауазымдық орын болатын болса, бос орын туралы хабарландыру және ізденушілерге қойылатын біліктілік талаптары «ДАМУ»Қорының веб-сайтында жарияланады.

  2. Адам ресурстарын басқару жөніндегі департамент ізденушілер арасында бастапқы іріктеуді өткізеді. Іріктеуден сәтті өткен жағдайда, ізденушілерді әңгімелесуге және/немесе кәсіби білімдерін тексеру үшін, тест тапсыруға шақырады.

  3. Конкурс қорытындысы бойынша, барлық кезеңнен сәтті өткен ізденушілер «ДАМУ» КДҚ» АҚ жұмысқа орналасуға шақырылады.

Түйіндемені мына мекенжайға жолдауға болады: Hr@fund.kz

Адам ресурстарын басқару жөніндегі департамент


Жұмыс мұрағаты