menu
Жабу

Кеңес ал!

Мониторинг

Қор Туралы
Жобаның бағдарлама талаптарына сәйкестігі:

Жобаның қызмет түрі мен мақсаты мемлекеттік бағдарламаның шарттарына міндетті түрде сәйкес келуі тиіс.

Кредит қаражатын мақсатты пайдалану:

Кредит қаражаты активтің, жұмыстың немесе көрсетілетін қызметтің төленгенін, алынғанын және пайдаланылғанын растайтын құжаттарды ұсына отырып, тек мәлімделген мақсаттарға ғана бағытталуы тиіс.

Кредиттік қаражат тек қолма-қол ақшасыз нысанда пайдаланылуы тиіс:

Қолма-қол есеп айырысуға жол берілмейді.

Инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімі - 2 жылға дейін.:

Негізгі құрылыс салуға, жаңғыртуға, жабдықтарды сатып алуға және басқаларға бағытталған жобалар қатысқан күннен бастап 24 ай ішінде іске асырылуы тиіс.

Аффилиирленген тұлғалардан актив сатып алу бойынша шектеулер:

Бірқатар бағдарламалар бойынша несиелік қаражатты байланысты немесе аффилиирленген тұлғалардан активтерді сатып алу үшін пайдалануға болмайды.

Қарсы міндеттемелерді орындау:

Жұмыс орындарын құру, салық төлемдерi мен кiрiстердi ұлғайту жөнiндегi мiндеттемелердi орындау тиiстi мемлекеттiк бағдарламада белгiленген мерзiмде жүзеге асырылуы қажет.

Импорттық активтерді шектеу:

Бірқатар бағдарламалар бойынша отандық өндірушілердің баламасы жоқ активтерін қоспағанда, импорттық өндірістің инвестициялық активтерін сатып алуға тыйым салынған.

Кәсіпкерлік қызметті жалғастыру:

Бағдарламаға қатысқан кезеңде салық органдарында кәсіпкерлік қызмет тоқтамауы немесе тоқтатыла тұрмауы тиіс.

Осы талаптар бұзылған жағдайда

«Даму» Қоры:
  • Субсидиялауды тоқтата тұруға;
  • Бұрын аударылған субсидияларды қайтаруды сұратуға;
  • Кепілдікті жоюға немесе төмендетуге не айыппұл есептей отырып;
  • Қаражатты ауыстыруды талап етуге құқылы;

Сәйкестік мониторингі және бақылау

Шолуды іске асыру

Жобаның бағдарлама шарттарына сәйкестігін бағалауды іске асыру орнына шығуды қоса алғанда, мониторинг жүргізуге уәкілетті Қор қызметкерлері жүзеге асырады.

Қор қызметкерлері
Мобильді қосымшасы

Мониторинг сондай-ақ кәсіпкердің активтерін бизнес орнына бармай-ақ визуалды бағалауға мүмкіндік беретін «DAMU мониторинг» мобильді қосымшасы арқылы жүргізіледі.

Кеңес алу үшін байланыс

Байланыс орталығы
1408
Қордың аймақтық филиалдарына
Филиалды табыңыз