menu
Жабу

Кеңес ал!

Жиі қойылатын сұрақтар

Механизм бойынша: Бірінші кезектекәсіпкер ЕДБ/МҚҰ/ЛК жүгінеді. Егер несие бойынша оң шешім қабылданған жағдайда, Бірыңғай кешенді бағдарламаның бірінші бағыты бойынша банк "Даму" Қорына банктік қарыз шартын жібереді. Субсидиялау түрінде қолдау көзделген басқа бағдарламалар бойынша банк мақұлдағаннан кейін кәсіпкер өтінімді "Даму"Қорына жібереді. Егер ЕДБ/МҚҰ / ЛК оң шешімі болса, өтінім беру жолдары:

1)    EGOV порталы

2)    https://online.damu.kz/

3)    Қордың филиалы арқылы қағаз тасығыш.

* ЕДБ-Екінші деңгейдегі банк

* МҚҰ-микроқаржы ұйымы

* ЛК-Лизингтік компания

Несие өтінімі бойынша шешімді жобаның қаржылық-экономикалық тиімділігін бағалау негізінде ЕДБ/МҚҰ/ЛК қабылдайды. Егер сіздің жеке бизнесіңіз, оң несие тарихыңыз болса және сіз адал салық төлеуші болсаңыз, онда "Даму" Қорының қолдауымен банктен қаржыландыру алу мүмкіндігі барынша жоғары.

* ЕДБ-Екінші деңгейдегі банк

* МҚҰ-микроқаржы ұйымы

* ЛК-Лизингтік компания

"Даму" Қорының бағдарламалары аясында жобаны іске асыру орны бойынша шектеулер жоқ. Бағдарламалардың негізгі шарттарымен мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://damu.kz/programmi/

Қор кепілдігін алу талаптарының бірі – Кредитор алдында ағымдағы мерзімі өткен берешектің болмауы. Соңғы 36 ай ішінде Кәсіпкердің 90 күннен астам үздіксіз мерзімі өткен берешегі болмауы тиіс немесе 45 күннен астам кешіктірілген екі және одан көп төлемдері болмауы қажет.

Кәсіпкер әртүрлі кредиттер бойынша бірнеше кепілдік ала алады, бірақ қаржыландырудың жалпы сомасы 7 млрд теңгеден аспауы тиіс. Сонымен қатар барлық кепілдіктердің жиынтық сомасы 3,5 млрд теңгеден аспауы керек.

Кәсіпкерлер:

  1. акцизделетін тауарлар/өнімдер өндіретіндер, бірақ моторлы көлік құралдары мен медициналық мақсаттағы спирттік өнімдер (бальзамдардан басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген өнімдер шығаруды көздейтін жобалардан басқа;

  2. кен өндіру өнеркәсібінде алынған/өндірілген шикізатты әрі қарай өңдеусіз жүзеге асырылатын жобаларды, геологиялық барлау кезеңіндегі және карьерлерді игеру жобаларын іске асыруды жоспарлағандар, қиыршық тас және құм карьерлерін игеру жобаларынан басқа;

  3. акцияларының (жарғылық капиталдағы қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі кәсіпкерлер, егер олар Кепілдендіру ережесінің 2-бөлімінің 2-тарауында көзделген жағдайлар бойынша кепілдік алмаса;

  4. Кәсіпкерлік кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылатын жобалар, бірақ сол тармақтың 3) және 11) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерінен басқа;

  5. жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе уақытша тоқтата тұрған кәсіпкерлер;

  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қаржы институттарымен ерекше қатынастағы тұлғалар болып табылатындар;

  7. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес банкпен ерекше қатынастағы тұлғалар болып табылатындар.

Қордың Кепілдігінің ең жоғары мөлшері Несие сомасының 85 %-ына дейінгі көлемді қамтиды, бірақ 3,5 миллиард теңгеден аспайды.

Несие сомасының қалған бөлігіне Қор тарапынан қосымша қамтамасыз ету талабы қойылмайды. Осылайша, Банктер кәсіпкерден қосымша қамтамасыз ету талап етпестен тек Қордың кепілдігі негізінде қаржыландыруға құқылы.

7 млрд теңгеге дейінгі несиелер бойынша Кепілдікті рәсімдеу үшін комиссия мөлшері кепілдік сомасының 1,5 %-ын құрайды және ол бір реттік төлем ретінде кепілдік міндеттемесіне қол қою күнінен кешіктірілмей төленеді. Сондай-ақ кепілдік міндеттемесінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін берілген Кепілдіктің қалған сомасынан жыл сайын төленеді.

Қордың кепілдігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде беріледі.

Кәсіпкер қаржыландыру алу үшін Банкке өтінішпен жүгінуі қажет. Кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда Қордың кепілдігі тартылуы мүмкін. Кепілдік беру туралы шешімді Банк өз бетінше қабылдайды. Банк оң шешім қабылдағаннан кейін Қорға кепілдік беру үшін құжаттар ұсынылады.