Кеңес ал!

Ұлттық диктант – 2025

07.11.2025

2025 жылғы 7 қарашада «Даму» Қорының ұжымы республикалық «Ұлттық диктант – 2025» жобасына қатысты.

Бұл бастама мемлекеттік тілде сауатты жазу мәдениетін қалыптастыруға, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейтуге және оған деген құрметті арттыруға бағытталған.

Қордың Бас кеңсе қызметкерлері диктантты «Бәйтерек» конференц-залында офлайн форматта жазды, ал аймақтық филиалдардың қызметкерлері бейнеконференцбайланыс арқылы онлайн қатысты.

Жоба Қор қызметкерлерін мемлекеттік тілді дәріптеу және тіл мәдениетін дамыту мақсаты аясында біріктірді. Іс-шара соңында барлық қатысушыларға алғыс хаттар табысталды.