info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

ПРОБЛЕМАЛЫҚ БЕРЕШЕКТІ РЕТТЕУ

Проблемалық берешекті реттеу шарттары мен тәртібі

Қарыз алушының қаржылық жай-күйінің нашарлау белгілері болған жағдайда, соңғылары қаржылық міндеттемені қайта құрылымдау мақсатында бастапқы кредиторға (Қордың әріптестеріне – ЕДБ, МҚҰ, ЛК) жүгінуге құқылы. Қор өз тарапынан әріптестердің ұстанымын ескере отырып, төлем тәртібін қалпына келтіру және қаржыландырылған бизнесті сақтау мақсатында осындай қайта құрылымдауға келісім беруге құқылы.
Бастапқы кредиторлармен қарызды қайта құрылымдау туралы келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, Қор сондай-ақ қарыз алушыда Қор алдында тікелей туындайтын міндеттемелерді қайта құрылымдауды жүзеге асыруға құқылы.
Бастапқы кредиторлар мен Қор азаматтық іс жүргізу заңнамасының нормаларын ескере отырып, борышты мәжбүрлеп өндіріп алу жөніндегі шараларды жүргізген кезде және тараптар арасында қаржылық міндеттемені өтеудің өзара қолайлы шарттарына қол жеткізілген жағдайда, Қордың сот процесі шеңберінде медиация тәртібімен бітімгершілік келісім не дауды реттеу туралы келісім жасасу жолымен дауды реттеуге құқығы бар, ал сот актісі болған не ол заңды күшіне енген жағдайда, берешекті ерікті түрде өтеу немесе сот актісін орындау туралы келісім жасасуға жол беріледі.
Дауды реттеу мәселесін қарау кезінде қарыз алушының қаржылық жағдайы, қарызды өтеу перспективалары, бизнесті қалпына келтіру және сақтау мүмкіндігі және басқа да факторлар назарға алынады. Борышты өтеу шарттары қарыз алушының бизнесінің ерекшелігін, төлем тәртібін қалпына келтіру үшін қажетті мерзімді, қайта құрылымдау не басқа бастапқы кредиторлар алдындағы борышты өтеу шарттарын және басқа да мән-жайларды ескере отырып, әрбір жағдайда жеке белгіленеді.

Қарыз алушы талаптарды орындамаған жағдайда кредитор қабылдайтын шаралар

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына және шарттардың талаптарына сәйкес қарыз алушы міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Қор:

1) берешекті мәжбүрлеу тәртібімен (сот арқылы не атқарушылық жазба арқылы) өндіріп алуға;

2) мәжбүрлеп орындату шараларын (қамауға алу, шектеу, тыйым салу, жалақыдан ұстап қалу және т.б.) қолдануға;

3) ұсынылған қамтамасыз етуден не басқа анықталған мүліктен өндіріп алуға құқылы.