menu
Жабу

Кеңес ал!

Шағын және орта бизнестің кепілзаты жетпеген жағдайдағы кепілдік

Берілетін кепілдіктер түрлері

Кредиттер бойынша кепілдіктер

Банктік кредит алуды қолдау

Лизинг бойынша кепілдіктер

Лизинг шарттары бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету

Тендерлер мен аванстарға кепілдік

Тендерлер, шарттар және аванстар үшін

Болашақ жеткізілімдерге кепілдік

Болашақ жеткізілімдерге қаржылық кепілдіктер

Шарттары

Кепілдік мөлшері
Кепілдік мөлшері

қаржыландыру сомасының 85%-ына дейін

Сома
Сома

7 млрд теңге

Мақсаты
Мақсаты

инвестициялар, АҚТ, қайта қаржыландыру

Мерзімі
Мерзімі

5 айға ұзартылған қаржыландыру мерзімі

Кепілдік калькуляторы

Есептеу нәтижелері

Сіздің кепілдігіңіз: 0.00  %
Қор кепілдігі: 0.00  %
Кепілдік мөлшері: 0.00  теңге
Жылдық комиссия: 0.00  теңге

* Есептеулер алдын ала берілген. Толық кеңесті аймақтық филиалдардағы менеджерлерден ала аласыз.

Кепілдік қоры - Сіздің бизнесіңізге жаңа бастама!

Бірегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыз! Өтінім қалдырыңыз, және біздің мамандарымыз "Даму" қорының жаңа кепілдік беру бағдарламасының барлық артықшылықтары туралы айтып беру үшін сізбен байланысады.

Консультация алу
Call to Action Image

Сандармен расталған қолдау

0

Қолдау тапқан жобалардың саны

0

Қолдау көрсетілген несиелер сомасы

0

Берілген кепілдіктер сомасы

Бағдарлама қатысушылары

Кепілдік қорының артықшылықтары

Қаржыландырудың қолжетімділігі

Қаржылай қолдауға мұқтаж кәсіпкерлік субъектілерін кеңірек қамтуды қамтамасыз етеді

Қолжетімділікті жеңілдету

Кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпкерлердің қажетті қаржыландыру көлеміне қол жеткізуін жеңілдетеді

Жылдамдық

Даму Қоры тарапынан кәсіпкерлердің өтінімдерін қараудың ең қысқа мерзімдері. Біз кәсіпкерлердің уақытын бағалаймыз

Сенімділік

Бізге сенеді. 62 000-нан астам кәсіпкерлік жобалары кепілдік беру бағдарламаларының шеңберінде қолдауға ие болды

1-Кепілдік қор АЯСЫНДА кепілдік берудің негізгі шарттары
Шарт Сипаттамасы
Қатысушылар Жеке кәсіпкерлік субъектілері
Қаржыландыру сомасы 7 млрд теңгеден аспайды
Кепілдіктің ең жоғары мөлшері Қаржыландыру сомасының 85%-ына дейін қоса алғанда, бірақ 3,5 млрд теңгеден аспайды
Кепілдік мерзімі 5 айға ұзартылған қаржыландыру мерзімі
Қаржыландыру мақсаты Инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру
Комиссия Кепілдік сомасының 1,5%-ы, кепілдік міндеттемесіне қол қойылған күннен кешіктірмей біржолғы төленеді және берілген кепілдіктің қалдық сомасынан кепілдік міндеттемесінің қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайын төленеді.
Қарсы міндеттемелер Инвестициялық жобалар бойынша – кредитор шешім қабылдаған күннен бастап 2 қаржы жылынан кейін салықтар мен жұмыс орындарын 10%-ға ұлғайту.
Өтінімді қарау мерзімі 2 жұмыс күнінен аспайды

Кепілдік қорларының кредиторлары

Екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары, астық саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ұлттық компания.

Кепілдік ала алмайтындар:

  1. Акцизделетін тауарларды/өнімдерді өндіруді жүзеге асыратындар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген моторлы көлік құралдарын және медициналық мақсаттағы спирттік өнімдерді (бальзамдардан басқа) өндіру жобаларын қоспағанда;
  2. Өндірілген/өндірілетін материалдарды одан әрі өңдеусіз тау-кен өнеркәсібінде жобаны іске асыруды жоспарлайтындар, геологиялық барлау жұмыстары және карьерлерді әзірлеу кезеңіндегі жобалар, қиыршық тас және құм карьерлерін әзірлеу жобаларын қоспағанда;
  3. Жарғылық капиталдағы акцияларының (үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке немесе ұлттық компанияға тиесілі кәсіпкерлер;
  4. Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалар, Кодекстің 24-бабы 4-тармағының 3) және 11) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда;
  5. Жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтата тұрған кәсіпкерлер;
  6. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиторлармен ерекше қатынастағы тұлғалар ;
  7. Қазақстан Республикасының «Банктер және банк қызметі туралы» Заңына сәйкес банкпен ерекше қатынастағы тұлғалар.


ЭҚЖЖ Кестесі

ЭҚЖЖ Коды Атауы
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
01 Өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы, аңшылық және осы салаларда қызмет көрсету, 01.11 «Дәнді (күріштен басқа), бұршақ және майлы дақылдарды өсіру» бабынан басқа
03 Балық аулау және балық өсіру
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді әзірлеу
08.12.1 Қиыршық тас және құм карьерлерін әзірлеу
09 Тау-кен өнеркәсібінде қызмет көрсету
Өңдеу өнеркәсібі
10 Тамақ өнімдерін өндіру
11.06 Уыт өндірісі
11.07 Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және бөтелкедегі басқа да суларды өндіру
13 Тоқыма бұйымдарын өндіру
14 Киім өндірісі
15 Былғары және оған қатысты өнімдер өндірісі
16 Жиһаздан басқа, ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан бұйымдар өндіру
17 Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру
18 Полиграфиялық қызмет және жазылған ақпарат тасымалдағыштарды көбейту
20 Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру
21 Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарды өндіру
22 Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
23 Басқа да металл емес минералды өнімдерді өндіру
24 Металлургиялық өндіріс*
25 Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдарын өндіру
26 Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі
27 Электр жабдықтарын өндіру
28 Басқа топтамаларға енгізілмеген машиналар мен жабдықтарды өндіру
29 Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндірісі
30 Басқа да көлік құралдарын өндіру
31 Жиһаз өндірісі
32 Басқа да дайын бұйымдарды өндіру
33 Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату
Электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және желдеткішпен жабдықтау
35.11.2 Гидроэлектр станцияларымен электр энергиясын өндіру
35.11.4 Жел электр станцияларымен электр энергиясын өндіру
35.11.5 Күн электр станцияларымен электр энергиясын өндіру
35.11.9 Басқа электр станцияларымен электр энергиясын өндіру
Сумен жабдықтау; су бұру; қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою жөніндегі қызмет
38 Қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; материалдарды кәдеге жарату (қалпына келтіру)
39 Ластануды жою жөніндегі қызмет және қалдықтарды жою саласындағы басқа да қызметтер
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу
45.2 Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу
Көлік және қоймалау
49.3 Басқа да жолаушылар құрлық көлігінің қызметі**
49.41 Жүк автомобиль көлігінің қызметі
50 Су көлігінің қызметі
52 Жүктерді қоймалау және көлікке қосымша қызмет
53 Пошта және курьерлік қызмет
Тұру және тамақтану қызметтерін көрсету
55.10 Қонақ үйлер және осыған ұқсас тұру орындарымен қызмет көрсету
55.20 Демалыс күндеріне және басқа да қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне арналған тұрғын үйді ұсыну***
55.30 Кемпингтер, тұрғын автофургондар мен автотіркемелерге арналған тұрақтармен қызмет көрсету
Ақпарат және байланыс
58 Баспа қызметі
59.14 Кинофильмдерді көрсету қызметі
61 Телекоммуникациялар
62 Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және басқа да соған қатысты қызметтер
Жылжымайтын мүлікпен операциялар
68.20.8 Өз немесе жалға алынған қойма үй-жайларын жалға беру (қосалқы жалға беру) және басқару ****
Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
69.2 Бухгалтерлік есеп және аудит саласындағы қызмет; салық салу бойынша консультация беру
71 Сәулет, инженерлік іздестірулер, техникалық сынақтар және талдау саласындағы қызмет
72 Ғылыми зерттеулер және әзірлемелер
74 Басқа да кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет
75 Ветеринариялық қызмет
Білім беру
85 Білім беру
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету
86 Денсаулық сақтау саласындағы қызмет
87 Тұруды қамтамасыз ете отырып, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет
88 Тұруды қамтамасыз етпей, халыққа әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы қызмет
Өнер, ойын-сауық және демалыс
91 Кітапханалар, мұрағаттар, мұражайлар қызметі және мәдениет саласындағы басқа да қызмет
93 Спорт, демалысты ұйымдастыру және ойын-сауық саласындағы қызмет*****
Басқа да қызмет түрлерін көрсету
95 Компьютерлерді, жеке тұтыну заттарын және тұрмыстық тауарларды жөндеу
96.01 Тоқыма және былғары бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау

* шойын, болат және ферроқорытпалар өндірісінен (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) «24.10» коды), ядролық отынды қайта өңдеуден (ЭҚЖЖ «24.46» коды), шойын құюдан (ЭҚЖЖ «24.51» коды), болат құюдан (ЭҚЖЖ «24.52» коды) басқа;

** ЭҚЖЖ 49.32 «Такси қызметі» коды бойынша қызметтен басқа («жасыл» жобалар мен отандық өндірушілердің жеңіл автомобильдерін бір бірлігі үшін 10 (он) миллион теңгеден аспайтын құнымен сатып алуға бағытталған жобалардан басқа);

*** апартаменттерден, пәтерлерден және тұрғын үйлерден басқа;

**** бұл ЭҚЖЖ қойма үй-жайларын және қойма алаңдарын жалға беруді көздейді;

***** дискотекалар мен караокеден басқа.


1
Кәсіпкер қаржыландыру алу үшін кредиторға өтінішпен жүгінеді
2
Кредитор Қаржылық агенттіктің кепілдігі бойынша қаржыландыру туралы шешімді өз бетінше қабылдайды
3
Кредитор Қарыз алушымен несие шартын жасасады және Қаржылық агенттікке құжаттар пакетін жолдайды
4
Қаржылық агенттік 2 жұмыс күні ішінде кепілдік міндеттемесін шығарып, оны Кредиторға береді
5
Кредитор несие береді