Бизнесті қолдауға арналған кепілдік қоры
Президенттің тапсырмасына сәйкес, "Даму" қоры қарыздарға кепілдік беру құралдарын кеңейту арқылы экономиканың нақты секторын қолдау үшін Кепілдік қоры аясында кепілдік беру бағдарламасын іске қосады.
Шарттары
Кепілдік мөлшері
жоба құнының 30%-нан аспайды
Сома
7 млрд теңгеден жоғары
Мақсаты
инвестициялар, АҚТ, қайта қаржыландыру
Есептеу нәтижелері
Сіздің кепіліңіз:
0.00 %
Қордың кепілдігі:
0.00 %
Кепілдік мөлшері:
0.00 тенге
Жылдық комиссия:
0.00 тенге
* Есептеулер алдын ала берілген. Толық кеңесті аймақтық филиалдардағы менеджерлерден ала аласыз.
Кепілдік қоры - Сіздің бизнесіңізге жаңа бастама!
Бірегей мүмкіндікті жіберіп алмаңыз!
Өтінім қалдырыңыз, және біздің мамандарымыз "Даму" қорының жаңа кепілдік беру бағдарламасының барлық артықшылықтары туралы айтып беру үшін сізбен байланысады.
Консультация алу
Сандармен расталған қолдау
0
Қолдау тапқан жобалардың саны
0
Қолдау көрсетілген несиелер сомасы
0
Берілген кепілдіктер сомасы
Кепілдік қорының артықшылықтары
Қаржыландырудың қолжетімділігі
Қаржылай қолдауға мұқтаж кәсіпкерлік субъектілерін кеңірек қамтуды қамтамасыз етеді
Қолжетімділікті жеңілдету
Кепілдік қамтамасыз ету жеткіліксіз болған жағдайда, кәсіпкерлердің қажетті қаржыландыру көлеміне қол жеткізуін жеңілдетеді
Жылдамдық
Даму Қоры тарапынан кәсіпкерлердің өтінімдерін қараудың ең қысқа мерзімдері. Біз кәсіпкерлердің уақытын бағалаймыз
Сенімділік
Бізге сенеді. 62 000-нан астам кәсіпкерлік жобалары кепілдік беру бағдарламаларының шеңберінде қолдауға ие болды
Кепілдік қоры 2 шеңберінде кепілдіктер берудің негізгі шарттары
|
Шарт
|
Сипаттамасы
|
|
Қатысушылар
|
Жеке кәсіпкерлік субъектілері
|
|
Қаржыландыру сомасы
|
7 млрд теңгеден астам
|
|
Кепілдіктің максималды мөлшері
|
Жоба құнының 30%-нан аспайды
|
|
Кепілдік мерзімі
|
15 жылға дейін
|
|
Қаржыландыру мақсаты
|
Инвестициялар, айналым қаражатын толықтыру, қайта қаржыландыру
|
|
Комиссия
|
Кепілдік сомасының жылдық 2%-ы және кепілдік міндеттемесіне қол қойғанға дейін кепілдіктің бүкіл қолданылу мерзіміне біржола төленеді
|
|
Қаржыландыру валютасы
|
теңге және/немесе шетел валютасы
|
Кепілдік қорлары шеңберіндегі кредиторлар
Екінші деңгейдегі банктер, лизингтік компаниялар, ұлттық басқарушы холдингтің еншілес ұйымдары және өзге де заңды тұлғалар.
Кепілдік алушылар бола алмайды:
1. Акцизделетін тауарлар/өнімдер шығаратындар, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген моторлы көлік құралдарын және медициналық мақсаттағы құрамында спирт бар өнімдерді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда;
2. Қазба/өндірілген материалдарды одан әрі қайта өңдеусіз тау-кен өнеркәсібінде жобаны іске асыруды жоспарлайтындар, геологиялық барлау жұмыстары және карьерлерді әзірлеу сатысындағы жобалар, гравий және құм карьерлерін әзірлеу жобаларын қоспағанда;
3. Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын жобалар, Кодекстің 24-бабы 4-тармағының 3) және 11) тармақшаларында көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда;
4. Жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтата тұрғандар;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кредиторлармен ерекше қарым-қатынаста байланысты тұлғалар болып табылатындар;
6. "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес банкпен ерекше қарым-қатынаста байланысты тұлғалар болып табылатындар.
Өңдеуші өнеркәсіп, тау-кен өнеркәсібі (өндірілген/қазып алынған материалдарды одан әрі қайта өңдеу шартымен), агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, байланыс, көлік, туризм, денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы инфрақұрылым объектілерін құру және/немесе дамыту, сондай-ақ тиісті инфрақұрылым.
1
Кредитор қарыз алушы бойынша оң шешім қабылдап, кепілдік алу үшін Қаржылық агенттікке жүгінеді
2
Жобаны Қаржылық агенттік қарайды
3
Шешімді Қаржылық агенттіктің уәкілетті органы қабылдайды
4
Кредитор мен Қарыз алушы арасында несие шарты жасалады
5
Барлық тараптар арасында Кепілдік шартына қол қойылады
6
Кредитор несие береді