Кеңес ал!

Талаптар

Мақсаты

Лизинг мәмілелерін қаржыландыру

Мерзімі

5 жылға дейін

Несие пайызы

12.6%

Сома

300 млн теңге

Лизинг калькуляторы

1 000 000 ₸ 300 000 000 ₸
10% 100%
36 ай 60 ай

Жалдау сомасы:

4 250 000

Ай сайынғы төлем:

125 000

Жалпы сома:

4 500 000

* Есептеулер алдын ала берілген. Толық кеңесті аймақтық филиалдардағы менеджерлерден ала аласыз.

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдікқарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. Қор 65 000 астам жобаны бағдарламалар арқылы қолдады


Кімдер қатыса алады

Шағын және орта кәсіпкерлер

Мақсаты

Өнім мен несие келісімінің талаптары бойынша жасалған қаржылай лизинг шарттары негізінде Шағын және орта кәсіпкерлердің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру

Кепілдік түрі

Лизингке алынған мүлік, бенефициар меншік иесінің өзі ұсынатын кепілзаты

Лизинг мүлкін ұсынатын жеткізуші/сатушы

ҚР резиденті, жабдық өндіруші отандық зауыт немесе сол жабдықты өндіруші зауыттың ресми дистрибьюторы/дилері. Сол жабдыққа (лизинг мүлкіне) қатысты ресми құқықтары мен лицензиялары/сертификаттары бар және пайдалануға беру актісінен кейін кемінде 1 (бір) жыл ішінде кепілдік әрі сервистік қызмет көрсетуге өндірістік мүмкіндігі болуы тиіс

Қаржы лимиті 

Өнім аясында бір ШОК субъекті алатын қаржының максимал лимиті: 1 000 000 теңгеден 300 000 000 теңгеге дейін

Аванс төлем мөлшері

Лизинг мүлкі құнының кемінде 10%-ы. Валюта бағамының ауытқуына байланысты лизингке алынатын мүлік құнына қатысты аванс мөлшері өзгеруі мүмкін

Сыйақы мөлшерлемесі 12,6%

Лизинг мәмілесінің мерзімі

36 айдан 60 айға дейін

Негізгі борышты өтеуге берілетін жеңілдік кезеңі

6 (алты) айға дейін

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі

Қарастырылмаған

Қолдау көрсетілетін салалар

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне сәйкес С-секциясы:  «Өңдеу өнеркәсібі»

Қолдау көрсетілмейтін салалар: 11.01 «Спиртті ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру», 11.02 «Жүзімнен шарап өндіру», 11.03 «Сидр және өзге де жеміс шараптарын өндіру», 11.04 «Ашыту жолымен алынатын өзге де дистилляцияланбаған сусындар өндіру», 11.05 «Сыра өндіру», 12 «Темекі өнімдерін өндіру», 25.4 «Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндіру»

Қарыз алардағы тыйымдар

- сублизинг;

- расталған операциялық қызмет мерзімі толық бір операциялық күнтізбелік жылдан кем болған жағдайда;

- алдыңғы күнтізбелік жылдағы айналымы сұратылған жабдық/лизинг құнының кемінде 1,5 еселік мөлшерінен аз болған жағдайда;

- ШОК субъектісі және (немесе) оның бенефициарлық меншік иелері санкциялық тізімдерге енгізілген жағдайда;

- мерзімі өткен салық берешегі болған кезде;

- Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабы 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жүзеге асырылатын жобаларға.

Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру бойынша өзге де шарттар (соның ішінде түпкілікті қарыз алушылардың Қорға ақпарат пен құжаттарды ұсынуға, мониторинг жүргізуге келісімі және т.б.) несие келісімінде белгіленеді. Қор қаржыландыруда қосымша шарттар қоюға құқылы


      Қолдау көрсетілетін экономикалық қызмет түрлерінің тізбесі

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіш коды

Атауы

 

1. С секциясы:  «Өңдеу өнеркәсібі»

1

C (бүкіл бөлім)

С секциясы: «Өңдеу өнеркәсібі» 

 

  Қолдау көрсетілмейтін ЭҚЖЖ түрлері:

2

11.01

Спиртті ішімдіктерді дистилляциялау, ректификациялау және араластыру

3

11.02

Жүзімнен шарап өндіру

4

11.03

Сидр және өзге де жеміс шараптарын өндіру

5

11.04

Ашыту жолымен алынатын өзге де дистилляцияланбаған сусындар өндіру

6

11.05

Сыра өндіру

7

12

Темекі өнімдерін өндіру

8

25.4

Қару-жарақ және оқ-дәрілер өндіру

1
Қор мен Серіктес арасында келісім жасасу
2
Серіктес ШОКС-қа несие беру туралы оң шешім қабылдайды
3
Серіктес Қорға ШОКС** мақұлданған жобалардың тізілімін несие алу үшін жолдайды
4
Қор мен Серіктес транш беру үшін несие шартына қол қояды
5
Серіктес пен ШОКС арасында қаржылық лизинг шарты жасалады
6
ШОКС-қа несие беріледі
* ШОКС – шағын, микро және орта кәсіпкерлік субъектілері
** Серіктес – лизингтік қызметпен айналысатын лизингтік компаниялар мен МҚҰ
*** Мақұлданған жобалар тізілімі Серіктестің уәкілетті органы мақұлдаған жобалар туралы ақпаратты қамтиды