Кеңес ал!

Талаптар

Мақсаты

инвестиция; қайта қаржыландыру

Мерзімі

10 жылға дейін

Несие пайызы

12.6% дейін

Сома

7 млрд теңгеге дейін

Несие калькуляторы

100 000 ₸ 7 000 000 000 ₸
12 ай 120 ай

Ай сайынғы төлем

125 000

Сыйақы мөлшерлемесі

12.6 %

Қайтарылатын жалпы сома

4 500 000

Несиенің мақсаты

Айналым капиталы

* Есептеулер алдын ала берілген. Толық кеңесті аймақтық филиалдардағы менеджерлерден ала аласыз.

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдікқарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. Қор 65 000 астам жобаны бағдарламалар арқылы қолдады

Кімдер қатыса алады Микро, шағын және орта жеке кәсіпкерлік субъектілері
Мақсаты
  • инвестициялық мақсаттар;
  • 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап берілген ШОК субъектілерінің қолданыстағы қарыздары бойынша қаржыландыру көзін қайта қаржыландыру.
Бір ШОК субъектісіне қаржыландыру лимитінің ең жоғары сомасы Қор қаражатын шартты орналастырудың барлық бағдарламалары аясында берілген несиелерді ескере отырып, бір ШОК субъектісіне және (немесе) байланысты тұлғалар тобына қаржыландырудың ең жоғары сомасы 7 000 000 000 (жеті миллиард) теңгеден аспайды.
Сыйақы мөлшерлемесі 12,6% (он екі бүтін он алты пайыз)
Қаржыландыру мерзімі
  • инвестициялық мақсаттарға – 120 (жүз жиырма) айға дейін;
  • қайта қаржыландыруға – қолданыстағы берешектің қалған мерзімінен аспайды.
Негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезең 24 (жиырма төрт) айдан аспайды
Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең 12 (он екі) айдан аспайды.
Кепілдік Өнім аясында қаржыландырылатын жоба мемлекеттік бағдарламалардың талаптарына сәйкес келген жағдайда, кепілдік беру құралдарына қатысуға өтінім беруге құқылы.
Ерекше шарттар
  • импорттық жабдықтар мен техниканы сатып алу тек отандық баламалары болмаған жағдайда жүзеге асырылады;
  • «Қазақстанда жасалған» тауарлар мен активтерге басымдық беріледі.
Қарызды ұйымдастыруға арналған комиссия Қарыз/несие желісі сомасының 0,5%-дан (нөл бүтін оннан бес пайыздан) аспайтын мөлшерде.
Кәсіпкердің міндеттемелері
  • әрбір 50 000 000 (елу миллион) теңге қаржыландыруға кемінде 1 жаңа жұмыс орнын құру (қолдау алған жылдан кейінгі 2 қаржы жылының қорытындысы бойынша);
  • кірістер мен еңбекақы төлеу қорын жыл сайын жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде ұлғайту.
Бағдарламаға қатыса алмайтын ШОК субъектілері
  • акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) көтерме сатуды көздейтін жобаларды іске асыратындар, медициналық мақсаттағы спирт құрамды өнімдерді (бальзамдардан басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген өнімдерді өндіруді қоспағанда;
  • жарғылық капиталында 25% және одан да көп үлесі тікелей мемлекеттік кәсіпорындарға/мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және компанияларға тиесілі заңды тұлғалар;
  • офшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар (2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына және өзге де НҚА сәйкес), сондай-ақ қатысушылары/акционерлері 10%-дан астам үлеске ие және офшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар;
  • кредиттік бюролар деректеріне сәйкес 60 күннен астам мерзімі өткен қарыз берешегі бар және (немесе) өтініш берген күнге бюджетке төленетін салықтар мен міндетті төлемдер бойынша берешегі бар тұлғалар.
Бағдарламаға қатыса алмайтын ШОК субъектілері
  • әрбір 50 000 000 (елу миллион) теңге қаржыландыруға кемінде 1 жаңа жұмыс орнын құру (қолдау алған жылдан кейінгі 2 қаржы жылының қорытындысы бойынша); кірістер мен еңбекақы төлеу қорын жыл сайын жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде ұлғайту;
  • акцизделетін тауарларды өндіруді және (немесе) көтерме сатуды көздейтін жобаларды іске асыратындар, медициналық мақсаттағы спирт құрамды өнімдерді (бальзамдардан басқа), Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген өнімдерді өндіруді қоспағанда;
  • жарғылық капиталында 25% және одан да көп үлесі тікелей мемлекеттік кәсіпорындарға/мекемелерге, ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге және компанияларға тиесілі заңды тұлғалар;
  • офшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар (2020 жылғы 24 ақпандағы № 8 ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қаулысына және өзге де НҚА сәйкес), сондай-ақ қатысушылары/акционерлері 10%-дан астам үлеске ие және офшорлық аймақтарда тіркелген заңды тұлғалар;
  • кредиттік бюролар деректеріне сәйкес 60 күннен астам мерзімі өткен қарыз берешегі бар және (немесе) өтініш берген күнге бюджетке төленетін салықтар мен міндетті төлемдер бойынша берешегі бар тұлғалар.
Қаржыландыруға тыйым салынатын мақсаттар
  1. бұрынғы қызметті жалғастыру мақсатында жұмыс істеп тұрған бизнесті және жылжымайтын мүлікті сатып алу, сондай-ақ жалған/жасырын мәмілелер (басым бағыттарда жаңа бизнес ашу немесе қызметті қайта бастау жағдайларын қоспағанда);
  2. заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына қатысу;
  3. бұрын жұмсалған шығындарды өтеу, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар алдындағы берешекті өтеу (оның ішінде қатысушылар, акционерлер, қызметкерлер);
  4. тұтынушылық кредит беру;
  5. дивидендтер төлеу;
  6. қызмет шығындарын жабу;
  7. сенім білдірілген тұлғалардың (агенттердің) қызметтерін төлеу;
  8. қарыз бойынша комиссиялар мен өзге де төлемдерді төлеу (қарызды ұйымдастыру комиссиясынан басқа; 30 күн ішінде өтеуге немесе мерзімінен бұрын өтеуге жол беріледі);
  9. бағалы қағаздарды сатып алу және қаражатты депозиттерге орналастыру;
  10. акцизделетін тауарларды өндіру және көтерме сату жобалары (таксомоторлық көлік құралдары мен дәрілік ретінде тіркелген медициналық өнімдерден басқа);
  11. қару-жарақ, есірткі заттар және айналымнан алынған өзге де мүлікті өндіру/жеткізуге байланысты жобалар;
  12. ойын бизнесі;
  13. ҚР заңнамасымен тыйым салынған қызмет (оның ішінде террористік);
  14. активтерді үшінші тұлғалардың атына сатып алу және бөгде жер учаскелерінде құрылыс жүргізу (мемлекеттік жер, қоса қарыз алушылар және жақын туыстар жағдайларын қоспағанда);
  15. жалған/жасырын мәмілелер;
  16. қамтамасыз етілмеген (бланктік) қарыздар (кейін кепілге қою шартымен берілетін және 300 млн теңгеге дейінгі айналым қаражатына берілетін қарыздардан басқа);
  17. отандық баламалары болған жағдайда импорттық инвестициялық активтерді сатып алу (ерекшелік: әрлеу материалдары, жабдықтар, арнайы техника және баламасы жоқ қосалқы бөлшектер);
  18. банктік және сақтандыру қызметін жүзеге асыратын ұйымдарды қаржыландыру (сақтандыру агенттерінен басқа);
  19. салықтарды, баждарды, кедендік және әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақыларын төлеу (актив құнына кіретін ҚҚС-тан басқа), оның ішінде айналым қаражатына берілген қарыздар есебінен.

р/с №

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші коды (ЭҚЖЖ)

Атауы

1. Өңдеу өнеркәсібі

1

10.1

Етті қайта өңдеу және консервілеу

2

10.2

Балықты, шаян тәрізділерді және молюскілерді қайта өңдеу және консервілеу

3

10.3

Жемістер мен көкөністерді қайта өңдеу және консервілеу

4

10.4

Өсімдік және жануар майларын өндіру

5

10.5

Сүт өнімдерін өндіру

6

10.6

Ұн тарту өнеркәсібі өнімдерін өндіру

7

10.7

Нан-тоқаш және ұннан жасалған кондитерлік өнімдерді өндіру

8

10.8

Басқа да тамақ өнімдерін өндіру

9

10.9

Жануарларға арналған дайын жемшөп өндіру

10

11.06

Уыз (солод) өндіру

11

11.07

Алкогольсіз сусындар, минералдық сулар және бөтелкедегі басқа да суларды өндіру

12

13.2

Тоқыма өндірісі

13

13.3

Маталар мен тоқыма бұйымдарын өңдеу

14

13.9

Басқа да тоқыма бұйымдарын өндіру

15

14.1

Тері өнімдерінен басқа киім өндіру

16

14.2

Тері бұйымдарын өндіру

17

14.3

Тоқылған және трикотаж киімдерді өндіру

18

15.1

Теріні илеу және өңдеу; жол керек-жарақтарын, ер-тұрман бұйымдарын өндіру; теріні өңдеу және бояу

19

15.2

Аяқ киім өндіру

20

16.2

Ағаштан, тоқылған материалдардан, тығыннан, сабаннан жасалған бұйымдарды өндіру

21

17.1

Ағаш массасы мен целлюлозаны, қағаз бен картонды өндіру

22

17.2

Қағаз бен картоннан жасалған бұйымдарды өндіру

23

20.1

Негізгі химиялық заттарды, тыңайтқыштар мен азот қосылыстарын, бастапқы формадағы пластмассалар мен синтетикалық каучукты өндіру (ЭҚЖЖ 20.15 Тыңайтқыштар мен азотты қосылыстар өндіруді қоспағанда)

24

20.2

Пестицидтерді және басқа да агрохимиялық өнімдерді өндіру

25

20.3

Бояулар, лактар және соған ұқсас жабындарды, баспа бояулары мен мастикаларды өндіру

26

20.4

Сабын, жуғыш, тазартқыш, жылтыратқыш, парфюмериялық және косметикалық құралдарды өндіру

27

20.5

Басқа да химиялық өнімдерді өндіру

28

20.6

Жасанды және синтетикалық талшықтарды өндіру

29

21.1

Негізгі фармацевтикалық өнімдерді өндіру

30

21.2

Фармацевтикалық препараттар мен медициналық материалдарды өндіру

31

22.1

Резеңке бұйымдарын өндіру

32

22.2

Пластмасса бұйымдарын өндіру

33

23.1

Шыны және шыны бұйымдарын өндіру

34

23.2

Отқа төзімді бұйымдарды өндіру

35

23.3

Саздан жасалған құрылыс материалдарын өндіру

36

23.4

Басқа да фарфор және керамикалық бұйымдарды өндіру

37

23.5

Цемент, әк және құрылыс гипсін өндіру (ЭҚЖЖ 23.51 Цемент өндіруді қоспағанда)

38

23.6

Бетоннан, цементтен және құрылыс гипсінен жасалған бұйымдарды өндіру (ЭҚЖЖ 23.63 Тауарлық бетон өндірісін қоспағанда)

39

23.7

Тасты кесу, өңдеу және аяқтау

40

23.9

Абразивтік және басқа да металл емес минералдық өнімдерді өндіру

41

24.2

Болаттан жасалған құбырларды, түтіктерді, қуыс профильдерді, фитингтерді өндіру

42

25.1

Құрылыс металл конструкциялары мен бұйымдарын өндіру

43

25.2

Металл цистерналарды, резервуарларды және контейнерлерді өндіру

44

25.3

Орталық жылыту қазандықтарынан басқа, бу қазандықтарын өндіру

45

25.9

Басқа да дайын металл бұйымдарын өндіру

46

26.1

Электрондық элементтер мен платаларды өндіру

47

26.2

Компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды өндіру

48

26.3

Коммуникациялық жабдықтарды өндіру

49

26.4

Электрондық тұрмыстық техниканы өндіру

50

26.5

Өлшеу, тестілеу және навигация құралдары мен аспаптарын өндіру; сағаттар өндіру

51

26.6

Сәулелеуші, электромедициналық және электротерапиялық жабдықтарды өндіру

52

26.7

Оптикалық аспаптар, фото және киножабдықтар өндіру

53

26.8

Магниттік және оптикалық ақпарат тасымалдаушыларды өндіру

54

27.1

Электр қозғалтқыштарын, генераторларды, трансформаторларды және электр таратушы және реттеуші аппараттарды өндіру

55

27.2

Аккумуляторлар мен батареяларды өндіру

56

27.3

Электр сымдарын және электр монтаждау құрылғыларын өндіру

57

27.4

Электр жарықтандыру жабдықтарын өндіру

58

27.5

Тұрмыстық аспаптарды өндіру

59

27.9

Басқа да электр жабдықтарын өндіру

60

28.1

Жалпы мақсаттағы жабдықтарды өндіру

61

28.2

Басқа да жалпы мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды өндіру

62

28.3

Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасын өндіру

63

28.4

Металл өңдеу станоктарын және басқа да станоктарды өндіру

64

28.9

Басқа да арнайы мақсаттағы машиналар мен жабдықтарды өндіру

65

29.2

Автомобильдерге арналған шанақтар өндіру; тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндіру

66

29.3

Автомобиль бөлшектері мен керек-жарақтарын өндіру

67

30.3

Әуе және ғарыш аппараттарын және соған байланысты жабдықтарды өндіру

68

30.9

Басқа топтарға енгізілмеген көлік құралдарын өндіру

69

31.0

Жиһаз өндіру

70

32.1

Зергерлік бұйымдарды, бижутерияны және соған ұқсас бұйымдарды өндіру

71

32.2

Музыкалық аспаптар өндіру

72

32.3

Спорттық тауарлар өндіру

73

32.4

Ойын және ойыншықтар өндіру

74

32.5

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтарды өндіру

75

32.9

Басқа топтарға енгізілмеген өзге де дайын бұйымдарды өндіру

2. Туризм

76

55.10

Қонақ үйлер мен соған ұқсас тұру орындарының қызмет көрсетуі (бес жұлдызды қонақ үйлерді қоспағанда)

77

55.20

Демалыс күндеріне және басқа да қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне тұрғын үй беру (апартаменттерді, пәтерлерді және тұрғын үйлерді қоспағанда)

78

55.30

Кемпингтердің, автофургондар мен автотіркемелерге арналған тұрақтардың қызмет көрсетуі

79

55.901

Мектеп-интернаттар жанындағы жатақханалардың қызмет көрсетуі

80

55.902

Студенттік жатақханалардың қызмет көрсетуі

3. IT және креативті индустрия саласы

81

58.2

Бағдарламалық қамтамасыз етуді басып шығару

82

59.1

Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламалар өндіру жөніндегі қызмет (ЭҚЖЖ 59.14 Кинофильмдерді көрсету қызметін қоспағанда)

83

59.2

Дыбыс жазу және музыкалық шығармаларды басып шығару саласындағы қызмет

84

62.0

Компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және соған байланысты қызметтер

85

63.1

Деректерді өңдеу, қолданбалы бағдарламаларды орналастыру және соған байланысты қызмет; веб-порталдар қызметі

1 «Даму» қоры мен банк
«Даму» қоры мен банк
Ынтымақтастық туралы келісім жасайды (әріптес банктер тізімі Қордың сайтында жарияланған).
2 Банк
Банк
Өтінімді қарайды және кәсіпкерге несие беруді мақұлдау туралы шешім қабылдайды.
3 Банк
Банк
Белгіленген тізілім бойынша мақұлданған жобалардың тізімін Қорға береді.
4 «Даму» қоры мен банк
«Даму» қоры мен банк
Қаржыландыру туралы шарт жасайды (қаражат аудару үшін).
5 Банк пен кәсіпкер
Банк пен кәсіпкер
Несие шартына қол қояды.
6 Кәсіпкер
Кәсіпкер
Несие алып, оны бизнесті дамытуға пайдаланады.