menu
Жабу

Кеңес ал!

Лизингтік мәмілелер үшін Өрлеу

Талаптар

Мақсаты

Лизингтік мәмілелерді қаржыландыру; Қолданыстағы лизингтік қарыздар бойынша қайта қаржыландыру

Мерзімі

7 жылға дейін

Несие пайызы

17%

Сома

1 млрд теңге

Лизинг калькуляторы

100 000 ₸ 1 000 000 000 ₸
15% 100%
12 ай 84 ай

Жалдау сомасы:

4 250 000

Ай сайынғы төлем:

125 000

Жалпы сома:

4 500 000

* Есептеулер алдын ала берілген. Толық кеңесті аймақтық филиалдардағы менеджерлерден ала аласыз.

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАР

БАҒДАРЛАМАНЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ кепілдік алуға онлайн өтінім беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан қысқа мерзімде кепілдікқарастыру

Сенімділік

Бізге сенеді. Қор 65 000 астам жобаны бағдарламалар арқылы қолдады

 

Мақсатты сегмент

Шағын, орта және микро жеке кәсіпкерлік субъектілері

Мақсатты тағайындалуы

1. Өнім 2 мен Кредиттік келісімнің шарттарына сәйкес жасалған қаржылық лизинг шарттары аясында ШОБ субъектілерінің лизингтік мәмілелерін қаржыландыру.
Бұл ретте ШОБ субъектілерін қайтарымды және екінші реттік лизинг бойынша да қаржыландыруға жол беріледі.

2. 2025 жылғы 1 қаңтардан ерте берілмеген ШОБ субъектілерінің қолданыстағы лизингтік займдары бойынша қаржыландыру көзін қайта қаржыландыру немесе ауыстыру.


Лизинг нысаны – әріптес сатушыдан сатып алатын және кейін ШОБ субъектісіне қаржылық лизинг шарты бойынша берілетін мүлік.

Бұл ретте лизинг нысаны ретінде жабдықтар, арнайы техника, коммерциялық көлік құралдары, сондай-ақ Қазақстан Республикасында өндірілген жеңіл автомобильдер бола алады.
Көрсетілген барлық мүлік түрлері отандық өндіріс болуы тиіс (Қазақстан Республикасында өндірілген).

Сонымен қатар, бір бірлік құны 3 500 (үш мың бес жүз) айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) аспайтын шектеу жеңіл автомобильдерге қолданылады,
жүк тасымалдауға арналған, кабинадан бөлек жүк платформасы немесе кузовы бар автомобильдерді қоспағанда.

Бір ШОБ субъектісіне қаржыландыру лимитінің максималды сомасы

Лизингтік компаниялар үшін 1 000 000 000,0 теңгеден аспайды

Микроқаржы ұйымдары үшін 20 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайды

Бұл ретте ШОБ-тың аванстық төлемі есебінен қаржылық лизинг шартының жалпы сомасы 1 000 000 000 теңгеден (лизингтік компаниялар үшін)/20 000 АЕК-тен (микроқаржы ұйымдары үшін) асуы мүмкін.

Совокупное сальдо по остатку основного долга СМСП перед лизинговыми компаниями не должно превышать 1 000 000 000 тенге, а для микрофинансовой организации не более 20 000 МРП

Аванстық төлем мөлшері

Лизинг заты құнының кемінде 15%. Бұл ретте валюта бағамының ауытқуы салдарынан аванстық төлем мөлшерінің лизинг затының құнына қатысты өзгеруіне жол беріледі.

Сынақ мөлшерлемесі Қор Басқармасының шешімімен айқындалады және Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі (орналастыру мөлшерлемесі) ретінде есептеледі, ол 4 (төрт) пайыздық тармақтан аспайтын мөлшерде ұлғайтылады, бірақ жылдық 12,6%-дан аспайды.

Лизингтік мәміленің қолданылу мерзімі

- 84 айдан аспайды

- Қолданыстағы лизингтік займдар бойынша қарызды қайта қаржыландыру / қаржыландыру көзін ауыстыру кезінде – қайта қаржыландырылатын қарыздың қалған мерзімінен аспайды.

Негізгі қарызды өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ЕДБ уәкілетті органы белгілейді, бірақ қарыз берілген күннен бастап 24 (жиырма төрт) айдан аспайды, егер ШОБ несие желісі нысанында қаржыландырылса – бірінші транштың берілген күнінен бастап.

Сыйақыны өтеу бойынша жеңілдікті кезең

ЕДБ уәкілетті органы белгілейді, бірақ Қор Басқармасының шешімімен өзгеше белгіленбесе, 12 (он екі) айдан аспайды.

Бір ШОБ-қа қарыз беруге тыйым салынады

- сублизинг бойынша;

- жеңіл автомобильдерді сатып алуға, келесі жағдайларды қоспағанда:

кузовы немесе кабинадан бөлек жүк платформасы бар, жүк тасымалдауға арналған автомобильдерді сатып алу;

бір бірлігі үшін 3500 АЕК-тен астам нарықтық құны бар, бірақ осы 2-өнімнің «Бір ШОБ-қа лимит сомасы» бағанында көрсетілген қарыз сомасынан аспайды;

- Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша іске асырылатын кәсіпкерлер жобаларына

ШОБ субъектілеріне қарыз берудің өзге де шарттары (түпкілікті қарыз алушылардың Қорға ақпарат пен құжаттарды ұсынуға, мониторинг жүргізуге келісімдері және т.б.) несие келісімінде айқындалады. Қор қаржыландырудың қосымша шарттарын белгілеуі мүмкін.

Приоритетті экономикалық қызмет түрлерінің тізімі

Жалпы экономикалық қызмет түрлерінің классификаторының коды (ОКЭД) Атауы
1 2
1. Өңдеу өнеркәсібінде
110Азық-түлік өнімдерін өндіру
211Сусындар өндіру
11.06Уыт (солод) өндіру
11.07Алкогольсіз сусындар, минералды және басқа бөтелкедегі сулар өндіру
413Тоқыма бұйымдарын өндіру
514Киім өндіру
615Былғары және оған қатысты өнімдерді өндіру
716Жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарын, сондай-ақ сабаннан және өрім материалдарынан бұйымдар өндіру
817Қағаз және қағаз өнімдерін өндіру
918Баспа ісі және жазылған ақпарат тасымалдағыштарын көбейту
1020Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру
1121Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен дәрілік препараттарды өндіру
1222Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
1323Басқа бейметалл минералдық өнімдерді өндіру
1424Металлургия өнеркәсібі
1525Машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын өндіру
1626Компьютерлерді, электрондық және оптикалық жабдықтарды өндіру
1727Электр жабдықтарын өндіру
1828Басқа топтарға кірмейтін машиналар мен жабдықтарды өндіру
1929Автомобильдер, тіркемелер және жартылай тіркемелер өндіру
2030Басқа көлік құралдарын өндіру
2131Жиһаз өндіру
2232Басқа дайын бұйымдарды өндіру
2333Машиналар мен жабдықтарды жөндеу және орнату
2. Қызмет көрсету және өзге қызмет түрлері
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
2401.63Егін жинағаннан кейінгі ауыл шаруашылығы қызметінің түрлері
01.64Тұқымдарды себуге дайындау қызметі
2502.20Орман дайындау
2603.11Теңіз балық аулау*
03.12Тұщы су балық аулау
03.22Тұщы су балық өсіру
2738Қалдықтарды жинау және қайта өңдеу
Көлік және қоймалау
2949.10Жолаушылар және жүк автокөлігімен тасымалдау қызметі
49.11Қалааралық жолаушылар теміржол көлігі
49.20Жүк теміржол көлігі
49.311Автобуспен тасымалдау
49.312Трамваймен тасымалдау
49.313Троллейбуспен тасымалдау
49.314Метрополитенмен тасымалдау
49.319Кесте бойынша жүретін өзге көлік түрлерімен тасымалдау
49.32Такси қызметі
49.39Басқа жолаушылар жерүсті көлігі (басқа топтарға кірмеген)
49.41Жүк автокөлігі қызметі
49.42Көшуге арналған қызметтер
3050.10Теңіз және жағалау жолаушылар көлігі
50.20Теңіз және жағалау жүк көлігі
50.30Өзен жолаушылар көлігі
50.401Өзен жүк көлігі
50.402Ағаш ағызу (лесосплав)
3152Жүктерді қоймалау және көлікпен байланысты қосымша қызметтер
Тұру және тамақтандыру қызметтері
3255.10Қонақүйлер мен ұқсас тұру орындарының қызметтері**
3355.20Демалыс және қысқа мерзімді тұру үшін тұрғын үй беру қызметтері***
3455.30Кемпингтер, автокеруендер мен тіркемелерге арналған тұрақ қызметтері
Жылжымайтын мүлік операциялары
3568.20.8Өз немесе жалға алынған қойма ғимараттарын жалға беру және басқару
Білім беру
3685Білім беру****
Денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызметтер
3786Денсаулық сақтау саласындағы қызмет*****

* бұл ОКЭД коды ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және консервілеуді қамтиды;

** бес жұлдызды қонақүйлерден басқа;

*** пәтерлер мен тұрғын үйлерден басқа;

**** келесі жағдайлардан басқа:

· мемлекеттік білім беру тапсырысы көзделмеген немесе операциялық және (немесе) инвестициялық шығындарды өтеу қарастырылмаған жеке мектептер/балабақшалар;

· мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізде аралас оқыту түрін қолданатын, жылдық оқу ақысы 400 АЕК-тен асатын жеке оқу орындары;

***** келесі жағдайлардан басқа:

· тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі шеңберінде клинико-шығындық топтар бойынша бекітілген тарифтердің екі еселенген шегінен асатын қызметтер көрсететін денсаулық сақтау объектілері;

· ОКЭД 86.23 «Стоматологиялық қызмет».

1
Қор мен Серіктес арасында келісім жасасу
2
Серіктес ШМСП-қа несие беру туралы оң шешім қабылдайды
3
Серіктес Қорға ШМСП** мақұлданған жобалардың тізілімін несие алу үшін жолдайды
4
Қор мен Серіктес транш беру үшін несие шартына қол қояды
5
Серіктес пен ШМСП арасында қаржылық лизинг шарты жасалады
6
ШМСП-қа несие беріледі
* ШМСП – шағын, микро және орта кәсіпкерлік субъектілері
** Серіктес – лизингтік қызметпен айналысатын лизингтік компаниялар мен МҚҰ
*** Мақұлданған жобалар тізілімі Серіктестің уәкілетті органы мақұлдаған жобалар туралы ақпаратты қамтиды