Кеңес ал!

Бизнесті қолдау Пайыздық мөлшерлемені төмендету Өтінім беру тәртібі

Іскер аймақ

Бағдарлама шарттары
Алдын ала есептеу
Өтінім беру тәртібі
Шарттар

Бағдарламаның негізгі параметрлері

Бағдарлама параметрі
Сома

200 млн теңге

Бағдарлама параметрі
Мақсаты

Инвестиция; АҚТ

Бағдарлама параметрі
Мерзімі

3 жылға дейін

Бағдарлама параметрі
Субсидия мөлшері

Номинал сыйақы мөлшерлемесінің 40%
Номиналды сыйақы мөлшерлемесінің 50%-ы – әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері үшін

Калькулятор

Субсидия калькуляторы

Есептеулер алдын ала берілген.

Микро/шағын кәсіпкерлік Мерзімі 12–36 ай
0 200 000 000
12 ай 36 ай
Нәтиже

Алдын ала есептеу

Толық кеңесті аймақтық филиалдардағы менеджерлерден ала аласыз.

Ай сайынғы төлем

0 ₸/ай

Субсидия есебінен үнемдеу

0 ₸/ай
Жалпы нәтиже

Жалпы үнемдеу

0 ₸

* Есептеулер алдын ала берілген. Толық кеңесті аймақтық филиалдардағы менеджерлерден ала аласыз.

Қаражаттың болуы туралы ақпаратпен сілтеме бойынша танысуға болады

Артықшылықтар

Бағдарламаның артықшылықтары

Сүйемелдеу

Құжаттарды дайындауға біздің менеджерлердің көмегі

Ыңғайлылық

Үйден шықпай-ақ онлайн өтінім беріңіз

Жылдамдық

Қор тарапынан өтінімдерді қысқа мерзімде қарау

Сенімділік

Бізге сенеді. 99 000-нан астам жоба «Даму» Қоры арқылы субсидияланды

Қатысушылар

Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативі  түріндегі заңды тұлғалар

Несие сомасы 200 миллион теңгеге дейін

Мақсаты

Инвестиция;
Айналым қаражатын толықтыру

Сыйақы мөлшерлемесі

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесіне+4%

Субсидия мөлшері

ҚРҰБ базалық мөлшерлемесі + 4% (сыйақының номиналды мөлшерлемесі) Субсидиялау мөлшерлемесі номиналды мөлшерлеменің 40%-ын құрайды, бұл ретте кәсіпкер үшін мөлшерлеме кемінде 12,6% болуы тиіс.

Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлер үшін субсидиялау мөлшерлемесі номиналды мөлшерлеменің 50%-ын құрайды, ал номиналды мөлшерлеменің қалған бөлігі кәсіпкер тарапынан төленеді..

Кәсіпкер төлейтін түпкілікті мөлшерлеме Кәсіпкер үшін мөлшерлеме кемінде 12,6% (әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне енгізілген кәсіпкерлерді қоспағанда).

Субсидия мерзімі

3 жылға дейін

Кәсіпкердің міндеттері

Инвестициялық жобалар бойынша:

  • Қолдау алған жылдан кейінгі 2 (екі) қаржы жылының қорытындысы бойынша, әр 100 (жүз) млн теңге несиеге жұмыс орнын ашу. Бірақ әр жоба бойынша кемінде бір жұмыс орнынан кем болмауы керек 

  • Субсидия мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайын міндетті түрде бір қаржы жылының қорытындысы бойынша жинақталған инфляция деңгейінен* төмен емес етіп кіріс көлемін ұлғайту.

Айналым қаражатын толықтыруға:

  • Субсидия мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайын міндетті түрде бір қаржы жылының қорытындысы бойынша жинақталған инфляция деңгейінен* төмен емес етіп кіріс көлемі мен еңбекақы төлеу қорын ұлғайту.

Инфляция деңгейі туралы ақпарат, соның ішінде жинақталған инфляция, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ресми сайтында орналастырылған (https://stat.gov.kz/ru/industries/economy/prices/)

* Тиісті есепті кезең үшін нақты өсу көрсеткіштерінің жинақталған инфляция деңгейінен төмен қарай жол берілетін ауытқуы 1 (бір) пайыздық тармақтан аспайды.


Экономикалық қызмет түрлерінің басым бағыттарының тізбесі

№ Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚТЖ) коды Атауы
1 10 Азық-түлік өнімдерін өндіру
2 11.06 Уыт өндіру
3 11.07 Алкогольсіз сусын, минералды су және бөтелкеге құйылған өзге де сусындар өндіру
4 13 Тоқыма бұйымдарын өндіру
5 14 Киім өндіру
6 15 Тері және оған қатысты өнімдерді өндіру
7 16 Жиһаздан басқа ағаш және тығын бұйымдарын өндіру; сабаннан және өрмелі материалдардан жасалған бұйымдар өндіру
8 17 Қағаз бен қағаз өнімдерін өндіру
9 20 Химия өнеркәсібі өнімдерін өндіру
10 21 Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттарды өндіру
11 22 Резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру
12 23 Металл емес минералдық өнімдер өндіру *
13 24 Металлургия өндірісі **
14 25 Машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдарын өндіру
15 26 Компьютерлерді, электрондық және оптикалық жабдықтарды өндіру
16 27 Электр жабдықтарын өндіру
17 31 Жиһаз өндіру
18 32 Өзге де дайын бұйымдарды өндіру

* Тауарлық бетон өндіруді қоспағанда (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (бұдан әрі – ЭҚТЖ) коды «23.63»);

** Шойын, болат және ферроқорытпалар өндіруді (ЭҚТЖ коды «24.10»), ядролық отынды қайта өңдеуді (ЭҚТЖ коды «24.46»), шойын құюды (ЭҚТЖ коды «24.51»), болат құюды (ЭҚТЖ коды «24.52») қоспағанда.


Интерактивті карта

Жергілікті атқарушы орган айқындаған басым салалар

Аймақты таңдап, басым ЭҚЖЖ тізімін көріңіз

Картадан аймақты таңдаңыз / Выберите регион на карте
Өтінім беру тәртібі

Өтінімді қалай беруге болады?

1
Қаржы институтына өтінім беру
Кәсіпкер инвестицияларға немесе айналым қаражатын толықтыруға кредит (лизинг) алу үшін банкке/лизингтік компанияға жүгінеді
2
Жобаны бағалау
Банк/лизингтік компания кредитті өзінің ішкі рәсімдеріне сәйкес қарайды және мақұлдайды
3
Даму қорына құжаттарды ұсыну
Оң шешім қабылданғаннан кейін банк/лизингтік компания құжаттар топтамасын Дамудың өңірлік филиалына жібереді
4
Бағдарлама шарттарына сәйкестігін тексеру
Қор жобаны қатысушыларға, нысаналы мақсатына, ЭҚЖЖ-ға және бағдарлама лимиттеріне сәйкестігі бойынша 5 жұмыс күні ішінде қарайды
5
Субсидиялау туралы шешім
Дамудың уәкілетті органы жобаны мақұлдау, субсидиялаудан бас тарту немесе жобаны пысықтауға жіберу туралы шешім қабылдайды. Дамудың оң шешімі 6 ай бойы жарамды
6
Үшжақты субсидиялау шарты
Даму, қаржы институты және кәсіпкер арасында субсидиялау шартына қол қою; субсидия төлемдерін бастау