Бетон бұйымдары өндірісін дамытып жатқан кәсіпкер

Новости
05.07.2024

Елімізде президент жарлығымен жаңа өңірлер құрылғаны белгілі. Іле-шала бұл облыстарда құрылыс құмыстары жанданып, қарқын ала бастағанмен, материалдар жетіспеушілігі де жылдам сезілді. Өңірдегі ауқымды құрылыс жұмыстары салаға қажет материалдардың көбейіп, технологиялардың жақсарып, бетон араластырғыш секілді техника, жабдықтар түрін арттыруын талап етті.

Сұранысты байқаған Ермұхан Дәуленов бұл жағдай кәсіпкер үшін мүмкіндік екенін байқалды. «Е.Ж.Дәуленов» ЖК иесі Ермұхан құрылысқа арналған шлак блоктар мен тұтас іргетас блоктары тәрізді бетон бұйымдар шығаратын кәсіпорын ашу керек деген ойға келді. Дереу бетон бұйымдарын өндіру нарығы мен технологияларын зерттей бастады.

Дегенмен бұл жобаны жүзеге асыру үшін қаржы керек еді. Ермұхан Жасұланұлы айналым қаражатын толықтыру үшін «Банк Центр Кредиттен» несие алды. «Даму» қорының қолдауымен «Ұлттық жоба» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер үшін сыйақы мөлшерлемесі жылына 8%-ға дейін төмендетілді.

Бетон бұйымдарын өндіру технологияларының дамуы құрылысшыларға бетон блоктарын өндіру процесін айтарлықтай жеңілдетуге және жеделдетуге мүмкіндік береді.

Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы, Жүсіпов көшесі, 17-үй

+7 707 824 65 86