Получи
консультацию!

19.03.2026

Бөрібеков Бекзат Намазбайұлы — жоғары санатты дәрігер. Ол бала кезінен медицинаға қызығушылық танытқан. 2006–2013 жылдар аралығында Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында «балалар хирургиясы» мамандығы бойынша білім алған.

Одан кейін 2013–2016 жылдары «уролог және андролог» бағыты бойынша резидентураны тәмамдаған.

Еңбек жолын 2015 жылы Жезқазған қаласындағы Облыстық көпсалалы ауруханада бастап, өз мамандықтары бойынша қызмет атқарды. Тәжірибе жинақтай отырып, кәсіби біліктілігін кеңейтіп, үшінші бағыт — ультрадыбыстық диагностика саласын да меңгерді.

Өңірдегі денсаулық сақтау жүйесінің мәселелерін көре отырып, ол аймақ тұрғындарына, сондай-ақ түрлі жарақаттардан кейін үйден шыға алмайтын науқастарға көмек көрсетуге ниет білдірді. Бұл өз ісін ашуға негіз болды.

Осылайша, 2021 жылдың күзінде «ND Med» ЖШС құрылды.

Алғашқы кезеңде қызмет шағын жалға алынған кабинетте жүзеге асырылып, онда тек Бекзат Намазбайұлының өзі ғана еңбек етті. Қазіргі таңда орталықта 7 білікті дәрігер, сондай-ақ мейіргерлер мен басқа да медициналық қызметкерлер жұмыс істейді.

2025 жылы компания Жезқазған қаласында екінші филиалды ашу мақсатында ғимарат пен медициналық жабдықтар сатып алу үшін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы қаржыландыруға өтінім берді. Аталған жоба бойынша «Өрлеу» жеңілдетілген несиелеу бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдау көрсетілді.

Бүгінде «ND Med» өз ғимаратында қызмет көрсетеді. Бұл — барлық үдерістер жүйеленген, кәсіби команда қалыптасқан және ұзақ мерзімді даму бағыты айқындалған заманауи медициналық орталық.

Орталықта балалар хирургі, уролог, андролог, ангиохирург дәрігерлерінің кеңестері ұсынылады. Сонымен қатар келесі зерттеулер жүргізіледі: ЭхоКГ, УДЗ (гепатобилиопанкреатикалық аймақ, гинекологиялық, бүйрек, қуық және қуықасты безі, қалқанша без, беткей лимфа түйіндері және т.б.), төменгі аяқ-қол артериялары мен веналарының УДЗГ, нейросонография, сондай-ақ ми қан тамырларының УДЗГ зерттеулері.

Бекзат Намазбайұлы мен оның компаниясының тарихы — өмірлік мамандық тек қаржылық тұрақтылық әкеліп қана қоймай, қоғамға пайда тигізіп, жанға қуаныш сыйлай алатынын дәлелдейтін жарқын мысал.

Мекен-жайы: Ұлытау облысы, Жезқазған қ., бул. Ғарышкерлер, е-54/2 бет – бірінші филиал, Сәтпаев көшесі, 60А қ.қ.– екінші филиал.

Instagram: @nd_med-clinic