Получи
консультацию!

16.11.2026

«GAZSNABOIL» ЖШС: «Даму» қорының қолдауымен отандық жылу алмастырғыш жабдықтар өндірісін дамыту

«GAZSNABOIL» ЖШС тарихы – мұнай-газ, мұнай өңдеу, газ өңдеу және мұнай-химия салаларына арналған өнеркәсіптік жабдықтар өндіруге бағытталған отандық өндірістік кәсіпорынның жүйелі дамуының үлгісі. Компания 2020 жылғы 4 наурызда тіркеліп, құрылған сәттен бастап әртүрлі өнеркәсіп салаларында сұранысқа ие жылу алмастырғыш жабдықтар өндірісін дамытып келеді.

Кәсіпорын қызметінің негізгі бағыттарының бірі – ауамен салқындату аппараттарын (АСА) өндіру. Бұл газ тәрізді, сұйық және бу-сұйық орталарды салқындатуға және конденсациялауға арналған арнайы жылу алмастырғыш жабдықтар. Мұндай аппараттар мұнай-газ өндіру нысандарында, мұнай өңдеу және газ өңдеу кәсіпорындарында, сондай-ақ мұнай-химия өнеркәсібінде кеңінен қолданылады.

Жылу алмастырғыш жабдықтар өндірісін дамыту өндірістік үдерістерді үнемі жетілдіруді, қажетті материалдық-техникалық қамтамасыз ету деңгейін сақтауды және айналым қаражатының жеткілікті болуын талап етеді. Кәсіпорынның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету, серіктестер алдындағы міндеттемелерді орындау және бизнесті одан әрі дамыту мақсатында «GAZSNABOIL» ЖШС кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып, қаржы ресурстарын кезең-кезеңімен тартып келеді.

Компанияның дамуында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-пен ынтымақтастық маңызды рөл атқарды. Кәсіпорын шағын және орта бизнес субъектілері үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыруға бағытталған мемлекеттік қолдау бағдарламаларын бірнеше рет пайдаланды.

2021, 2022 және 2023 жылдары «GAZSNABOIL» ЖШС бизнесті дамыту және кәсіпорын қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік қолдау құралдарына жүгінді. «Бизнестің жол картасы – 2025» бағдарламасы және 2021–2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында компания айналым қаражатын толықтыру үшін «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы қаржыландыру тартты. Жүзеге асырылған жобалар шеңберінде «Даму» қорының кепілдіктері беріліп, кредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланды. Үш кредиттік шарт та мерзімінен бұрын өтелді.

2025 жылы «GAZSNABOIL» ЖШС мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып, екі жобаны жүзеге асырды. Бірінші жоба «Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға бағытталып, «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында кепілдік берілді. Кейіннен бұл шарт мерзімінен бұрын өтелді. Сол жылы кәсіпорын «Өрлеу» бағдарламасын пайдаланып, «Нұрбанк» АҚ арқылы қаржыландыру тартты. Жоба аясында «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы бойынша кепілдік берілді. Қаражат «Банк ЦентрКредит» АҚ алдындағы кредиттік берешектің қалған бөлігін қайта қаржыландыруға және айналым қаражатын толықтыруға бағытталды.

2026 жылы қаржы институттарымен ынтымақтастық жалғасын тапты. Компания «Нұрбанк» АҚ арқылы айналым қаражатын толықтыруға қаржыландыру алып, «Кепілдік қоры 1» бағдарламасы аясында кепілдікке ие болды.

Осылайша, 2021–2026 жылдар аралығында кәсіпорын мемлекеттік қолдау құралдарын пайдалана отырып, алты жобаны жүзеге асырды. Бұл ретте компания қабылдаған міндеттемелерін жүйелі түрде орындап келеді: төрт кредиттік шарт мерзімінен бұрын өтелді. Бұл қаржы ресурстарын басқаруға жауапкершілікпен қараудың нәтижелерінің бірі болды.

Өндірістік кәсіпорын үшін айналым қаражатын уақтылы толықтырудың маңызы ерекше. Бұл ағымдағы қызметтің үздіксіздігін сақтауға, өндірістік үдерістерді қажетті ресурстармен қамтамасыз етуге және тапсырыстарды орындауға мүмкіндік береді. Өз кезегінде, сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау және кепілдік беру тетіктері кәсіпкерлерге қаржыландыруға қол жеткізуге және бизнес-жобаларды жүзеге асыру барысында қаржылық жүктемені азайтуға көмектеседі.

Бүгінде «GAZSNABOIL» ЖШС өндірістік бағытын дамытуды, кәсіпорынның мүмкіндіктерін кеңейтуді және жылу алмастырғыш жабдықтар өндіру саласындағы өз позициясын нығайтуды жалғастыруда. Компания сенімділігі мен функционалдық сипаттамалары маңызды рөл атқаратын мұнай-газ, мұнай-химия және сабақтас салалардың қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталған.

«Даму» қорымен ынтымақтастық кәсіпорынның өндірістік қызметінің тұрақтылығын сақтауға және отандық өнеркәсіп өндірісін одан әрі дамытуға негіз қалауға мүмкіндік беретін маңызды қаржылық қолдау құралдарының біріне айналды.

Байланыс ақпараты:

Мекенжайы: БҚО, Орал қаласы, Желаево индустриялық аймағы, 25В ғимараты

Телефон: +7 707 214 35 28

Қосымша телефон: +7 702 361 18 38

Электрондық пошта: gazsnaboil@inbox.ru