info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодарская область .ИП «Баяндинова» - Салон «Алькор»

Табыстың тарихы
17.09.2018

Павлодар облысы. «Баяндинова» ЖК - «Алькор» салоны

Бүгін бізге өз табыс тарихы туралы «Баяндинова» ЖК («Алькор» салоны) қожайыны - Баяндинова Елена Валерьевна әңгімелеп береді.

Елена Валерьевна, бизнесіңіз жайлы қысқаша әңгімелеп берсеңіз (Компанияңыз немен айналысады, жетістіктері, қызмет ауқымы).
Алькор салонын 2001 жылы аштық. Ол кезде Ақсу қаласында біз бірінші болып перде тігіп, сата бастаған едік. Бүгінгі күні Павлодар облысындағы мекемелермен тығыз жұмыс істеп жатырмыз. Тапсырысқа перде тігеміз. Жақында ғана үйге арналған, жүкті әйелдерге арналған жастықтар тіге бастадық.

XW8DHEgl94g.jpg

Неге дәл осы бизнес түрін таңдадыңыз? Идея қалай келді? Ерекшелігі неде?
Өз бизнесімді ашпас бұрын түрлі кәсіпорындарда тігінші болып жұмыс істедім: тігін фабрикалары, киім жөндеп, тігетін ательеде дегендей. Мамандығым – жеңіл киім тігу ісінің маманы. Жұмысым өзіме ұнайтын. Сондықтан да кәсібімді ашу жөнінде көп ойлана бастадым. Бір күні күрт шешім қабылдап, бизнес ашамын дедім. Перде тігуді таңдаған себебім: біздің қалада бизнестің бұл түрімен ешкім айналыспайтын еді. Мен өз бетімше жұмыспен танысып, алғашқы қадамымды жасай бастадым. Бизнестің бұл түріндегі жаңа бағыттарды зерттеуді де жалғастырдым. Себебі біздің бизнесте бәсекелестік өте көп. Олардан үнемі бір қадам алға жүруің керек.

Идеяңызды жүзеге асыру жолдары туралы айтып берсеңіз?
Тігіншілер ала бастаған кезде – бизнесім де құлаш жая бастаған болатын. Өз ғимаратым керек екенін түсіндім. 2006 жылы банктен несие алып, тігін цехы өнімдерін қоятын цех ашпақ болдым. Мұнда дайын өнімді сатуға да болатын еді. Сонымен қатар, 80 ш. м аумағы бар цехты да жалға алып отырғанмын. Ондағы жаңа құрал жабдықтар да жалға алынған еді. 
Кәсіпорын қазір дамып келеді. 4 тігінші мен консультант–дизайнер жұмыс істейді.
Q7GQbAJoAJs.jpg


«Даму» Қорына жүгінген уақыттан бастап идея жүзеге асқанға дейін қаншалықты уақыт кетті. Екінші деңгейлі банктермен арадағы жұмыс жөнінде де айтып беріңізші.

dCdKRgc8dGE.jpg
Бизнес – бәсекелі орта. Бизнесте бір орында тұрып қалуға болмайды. Дамуың керек. Ерте ме кеш пе сен бизнестен кетуіңе тура келеді.

2013 жылы жаңа бір бағыт қосуым керек екенін түсіндім. Бұл бағыт - ролл-перделер тігу еді. Бұған қосымша қаражат керек болып, мен «Даму» Қорына келдім. Еуразиялық банк құрал-жабдық алуға 2 млн теңге бөлді. Оның үстіне біз пайыздық мөлшерлемені субсидияладық. Жалпы алғанда өтінім беріп, шартқа қол қою аралығында 3 айдай уақыт кетті. Ролл-перде тігу клиенттер санын арттыруға көмектесті. Компания кірісі де артты. Бұл істе маған жолдасым көмектеседі. Мұнымен қатар бір перделерді іліп беру қызметін де атқарамыз. Перде тіккізіп, оны ілгенге дейінгі шаруаларды түгел тапсырыс беру арқылы шешу – клиентке де ыңғайлы. Біздің компания мемлекеттік сатып алуларға да жемісті қатысып келеді. Көптеген мектептер, балалар бақшасы, жеке мекемелерге, мейрамхана, дәмханаларға перде тіктік. 
Мен Даму Қорымен істес болып келе жатқаныма бірнеше жыл болды. 2014 жылы Бизнес-Кеңесші курсынан өттім, екі жыл өткен соң Назарбаев университетте топ-менеджменттің білімін көтеру курсында болдым. Ал 2017 жылы германияда «Іскерлік байланыстар» компоненті бойынша тәжірибеден өтуге барып, ол жақтағы бизнесті дамыту үлгісіне қанықтым. Бұл сапардан бизнес жүргізу, командамен жұмыс істеу, басқару жөнінде көңіліме көп нәрсе түйдім. Бұл сапар менің бизнесімді кеңейтуге серпін берді. Осыдан кейін болашақ аналарға арнап жастық тігуге кірістік.

Осы бағытты әрі қарай дамыту үшін мен Еуразия банкінен 3 000 000 теңге несие алдым. Даму-Өндіріс бағдарламасы бойынша мақұлданған қарыз 6%-бен берілді. Бұл бағдарлама жайында мен «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан білдім. 
жаңа өнімді біз бірқатар көрмелерге апарып жүрміз. Астанадағы Ulttyq ónim көрмесіне екі рет қатыстық.

айгуль.jpg

Бизнесіңіздің болашағы жайлы ойыңыз қандай? 
Қазіргі жетістігіміз деп Павлодар қаласындағы ірі сауда үйлерімен жастықтарымызды өткізу үшін келісім жасағанымыз атар едім. Болашақта Астана қаласына шығу ойымызда бар. Ол жақта жеке перде салонымызды ашып, жастықтарымызды сатсақ дейміз. 
Біздің бұл салада тәжірибеміз мол болғандықтан, Қазақстанда кез-келген бәсекелестікке төтеп бере аламыз деп ойлаймыз. Ең бастысы – ісіңе сенімді болсаң, болашағына сенсең болды. Өнімдеріміздің елдің барлық өңірлеріне, ТМД бойынша таралуы үшін біз өз сайтымызды аштық. Интернет арқылы да сатамыз.
Бизнесіңіздің бәсекелестері туралы пікіріңіз қандай?
Бәсеке – барлық бизнесте бар. Ол адамды қамшылап, ілгері жылжуына себеп болады. Біздің компания үнемі даму үстінде. Бір кезде тек перде тігуен бастасақ қазір күрделі түрлерін тігіп, жастық жасауға көштік.


Қазақстандағы кәсіпкерлерге тосқауыл болатын негізгі қиындықтар қандай? 
Мен үшін ең үлкен кедергі – өз ісімді ашуға бел буу болды. Бұл істе маған отбасымның қолдауы зор болды. Банктер жағынан қиындық – кепілдік. Бұл жерде де Қордың қолдауын сезініп, мемлекеттен көмек алдық. Өз күшіңе сенсең, ісіңе деген шексі махаббат болса – барлығы қолыңнан келеді. 

Бизнес иесі ең алдымен нені басты назарда ұстауы керек? Бизнес жемісті болу үшін керек деген 3 мақсатты атаңызшы

Менің ойымша компанияның жемісті дамуы үшін басшы үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек. Команда басқара білуі, келіссөздер жүргізе білуі керек. Бизнесіне сырттан көз салып, оны өзгерту немесе бағытын өзгерту үшін жылдам, дәл шешім қабылдай алу керек. Сонымен қатарадамға қуаныш сыйлайтын іс қана пайда келтіре алады. Ісін жан тәнімен жақсы көрмей, беріліп істемей пайда табу мүмкін емес.
Белсенбі болып, білім қуу керек қазір бұған мүмкіндік көп.