info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мангыстауская область, г.Актау, магазин автозапчастей "Старт"

Табыстың тарихы
04.03.2018

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде Ақтау қаласында «Даму» Қоры арқылы қолдау алған жеке кәсіпкер Николай Белоногов мемлекет белгілеген экономиканың басым саласы бойынша тағы бір кәсіпті жүзеге асырды. Ол көлік майын ауыстыру, шинамонтаж секілді техникалық және диагностикалық қызметтердің кең ауқымын көрсететін техникалық қызмет көрсету станциясын ашты. Өте жоғары сапалы техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін бизнесмен өзінің жұмысына тәжірибелі мамандар шақырды. Осылайша қосымша жұмыс орындары ашылды. Жаңа бизнес-жобасын табысты іске асыруға бизнестегі 16 жылдан астам тәжірибесі көмектесті. Компания 2002 жылдан бастап Ақтау қаласы, 11а шағын ауданында орналасқан «Старт» дүкенінде автобөлшектер сатумен айналысты. Маңғыстау облысында тұрғындар мен көлік саны арта келе, кәсіпкер көлік жөндеужәне автокөліктерге қызмет көрсету ісін жолға қоюды шешті. Кәсіпкер консультация алып, аталған саланың мемлекет басымдық беріп отырған сала екенін біліп, әрі бағдарламаның екінші бағыты бойынша субсидия түрінде қолдау алуға мүмкіндігі бар екенін түсінді. Бұған дейін кәсіпкер несие алуға «Банк ЦентрКредит» АҚ-на өтініш берді. Банк 14%-бен қарыз берді. Оның 7%-ын кәсіпкердің өзі төлесе, қалғанын мемлекет өтейді. Қаржыландыру мерзімі 36 ай. Ақша инвестициялық мақсатта жұмсалды. Яғни қызмет көрсету стансасына (техникалық қызмет көрсету және жөндеу) құрал - жабдықтар сатып алынды. Сатып алынған жабдықтар Ақтау қ., 29 ықшам ауданында орналасқан қызмет көрсету станциясында орнатылды. Көлік жөндеуге арналған бокстар толық жұмыс істеп тұр.