info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Северо-Казахстанская область, г.Петропавлск, "Образовательный дом "Өзінше", ТОО "Образовательный центр "Lightway"

Табыстың тарихы
11.02.2018

Петропавлда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының қолдауымен «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында «Lightway» білім беру орталығының «Өзінше» білім беру үйі» табысты жұмыс істеп келеді. 
 

Былтыр жыл басында жоба жетекшісі Асель Есжанова «Даму» қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына келіп, «Өзінше» атты білім беру үйін ашу жайлы идеясын ұсынды. КҚКО мамандары жоба бойынша тегін бизнес-жоспар құрып берді. Әрі қарай жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында жеңілдікпен қаржыландырылуы үшін «Цеснабанк» АҚ оң шешім қабылданғанға дейін сүйемелденді. Нәтижесінде мемлекет банктің пайызын жартылай субсидиялады. Қаражатқа компания компьютерлік техника, авторлық әдістемелер, робототехникаға оқыту құралдарын, конструкторлар, жиһаз сатып алды.

Қазір «Өзінше» Білім беру үйінде әртүрлі жастағы балалар келіп жүр. Шағын орталыққа бір жастан асқан балалар бара алады. Ересек балалар шахмат пен Рубик текшесін жылдам жинауға үйренеді. Шахмат пен Рубик текшесін жинау бойынша әр түрлі деңгейлік аймақтық жарыстарға қатысуға да мүмкіндік бар. «Өзінше» білім беру үйінде ерекше әдістемесі бар, шетелде жұмыс тәжірибесінен өткен, білікті мамандар жұмыс істейді. Мұнда балалардың ерте жастан қаржылық сауаттылықтың негіздері мен шешендік өнерді меңгеруге мүмкіндіктері бар.

Идея мен оқыту әдістемелері Алматы, Астана және Екатеринбург қалаларынан әкелінді.

-      «Біз өте кең ауқымда жумыс істейміз. Бізде шағын орталық, балаларды мектепке даярлау, Рубик текшесін жылдам жинау, робототехника, ағылшын және қазақ тілдері бар»,- дейді «Өзінше» Білім беру үйінің жетекшісі Даурен Есжан.

Білім беру үйінің тәрбиеленуші үшін 9 аудитория жабдықталған. Күніне 400 адамға дейін білім алып, жұмыс істей алады.