info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Западно-Казахстанская область, Производство пластиковой упаковочной ленты, ИП "Лугманов"

Табыстың тарихы
20.12.2017

Мықты  таспа – сенімді бизнес

Батыс Қазақстандағы орауыш таспа шығаратын жалғыз кәсіпорын сапалы өнім шығарып қана қоймай, экологиялық проблемаларды шешуге де атсалысады.
Альтаир Лукманов айналысатын бизнесті әдеттегі деп атауға келмейді. 

Біраз жылдар бұрын Ақтөбелік азамат бизнеспен айналыспақ болды. Ол ешкім шығармайтын біз затты жасағысы келетін. Көптеген сайттарды қарап отырып, Альтаир пластмассаны үгітетін құрал сатып алмақ болды. Кәсіпкер шикізатты қоқыс полигонынан сатып алып, экологиялық мәселені шешуге   үлес қосты. Себебі пластик құтыларды  өртеу - қоршаған ортаған зор зиян келтіру. Біраз уақыт өткен соң Альтаир пластмасса гранулалардан орауыш ленталар шығаруға кіріспек болды. 

- Орауыш таспа деген не өзі? Мұндай өнімнен пайда көру мүмкін бе өзі? Біраз нарықты зерттей келе бұл тауар елдегі ешбір қалада шығарылмайтынын ұқтым. Сол кезде мен уақытты текке өткізбеу керектігін түсіндім, - дейді Альтаир Лукманов.

Шынымен де, Еуропада жақсы жолға қойылған таспа шығару ісінің көлемі жылына  500 мың тоннаға жетеді. Бұл өнімді шығаратын кәсіпорын басшылары әлемдегі ең бай адамдар тізімінде. 

Құрал алуға Альтаир «Даму» Қоры арқылы «БЖК 2020» аясында 13 миллион теңгені жылына 14 пайызбен алды. Оның 10 пайызын мемлекет субсидиялайды. Сонымен қатар, «Даму» Қорының 6.0 млн теңге көлеміндегі кепілдігі де берілді. Келесі жылы  Лукманов мырза бар қарызынан құтылады. Өндірісті автоматтандыруға кеткен қаржы (тәулігіне 280 мың  метр таспаға дейін шығарады ) бірнеше айдан соң айналымға енді. Сол кезде бизнесмен Ақтөбе облысының ірі компанияларымен шартқа отырды. Кәсіпорын «ЭкотонБатыс», «Вибромастер Қазақстан», «Ситал-2», АЗФ, «СБС» секілді ірі кәсіпорындар мен кірпіш пен газблоктар шығаратын шағын компанияларға өнім жеткізеді. Қазір таспалар Атырау, Орал, Қызылорда кәсіпорындарына жөнелтіледі.

Кейіннен тағы бір проблема туындады. Пластмасса лас болғандықтан, шикізаттың жартысы ғана жарамды еді. Жетпейтін бөлігін Ресейден алдыруға тура келетін. 

- Мына қызықты қараңыз. Біздің лас пластиктер Ресейге жөнелтіледі де ол жақта тазартылып, қайта гранула түрінде өзімізге келеді. Бұл дұрыс емес деп ойлайдым, -дейді Альтаир.

Биыл бұл проблеманы да шешу жолы табылды. Ақтөбеде пластмасса тазалайтын желі салу керек болды. 

- Елдің бәріне «БЖК 2020» ерекше бағдарлама екенін айтып жүрем. Бизнеске серпін береді. Әлемнің ешбір елінде жоқ мұндай бағдарлама! Қазір жаңа желіні де осы бағдарлама аясында алсам деп жоспарлап отырмын, - дейді Альтаир Лукманов.