info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

г.Алматы, Производство аксессуаров с национальным орнаментом, ТОО «Адили Текстиль»

Табыстың тарихы
20.12.2017

"Адили Текстиль" ЖШС қазақтың  ұлттық ою-өрнегін табиғи мата мен аксессуарларға инновациялық әдіспен бастыруды бірінші болып енгізген компания. Сауда саласындағы бизнесін дамыта отырып, компания  ұзақ уақыттар бойғы еңбектің нәтижесінде өзінің сулы бояулар түріндегі әдісін ойлап тапты. "Adili" бренді мен компанияның иесі Әділ Әсел әлемдік трендтерден қалыспайды. Мемлекеттік қолдау бойынша қаржыландырудың арқасында  "Адили Текстиль" жоғары сапалы өнімдер ұсынып келеді. Шығарылатын аксессуарлар қазақша ою-өрнектермен тамаша сәнделеді. Апалы-сіңлілі Әсел мен Индира 2010-2015 жылдар аралығында арнайы дүкендермен келіссөз жүргізе отырып, тауар өткізу ісі жолға қойылған. Сонымен қатар, өздерінің интернет - дүкені арқылы онлайн сатылымдар да бар. Бүгінгі күні Астанамен қатар Алматы,  Ақтау, Атырау және Қостанайда да желілік дүкндер ашылған.

«Біз өз өндірісімізді жолға қоймақ болған кезде шамамызға қарадық, мүмкіндігімізді сараладық. Жобамызды дайындаған соң кепілдігіміз жеткіліксіз екенін ұқтық, несие алу үшін  кірісіміз де аз екенін түсіндік. Айына несиені төлеп тұруды айтпағанда. Дәл осы укезде мемлекеттің көмегі бізді құтқарып қалды. Себебі мемлекеттік бағдарламаның арқасында біз субсидия алып отырмыз, «Даму» Қорының кепілдігі бар. Қайталап айтайын, біздің кепілдігіміз талап еткен несиемізге жеткіліксіз болды. Даму Қоры мен Сбербанкке біздің ұлттық жобамызды қолдап, мақұлдағаны үшін алғысымыз шексіз»,- дейді Әсел. 

Несие қаражатына «Адили Текстиль» заманауи цифрлы құрал мен өндіріске қажет шикізат сатып алды .  

Компания "БЖК 2020" бағдарламасы бойынша «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы 16%-дық несие алса, оның 10 %-ын Даму Қоры субсидиялайды. Сонымен қатар, несие сомасының 50%-ы көлемінде кепілдік те берілді.