info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Атырауская область, г.Атырау, Кондитерская студия "Take the Cake", ИП "Айташева"

Табыстың тарихы
10.12.2017

Айгерім Аташева бала күнінен торт пісіруді жақсы көретін. Алдымен үйде дайындап, кейін құрбылары мен туыстары үшін интернеттен үйренген рецепттерімен тәтті-дәмділер пісіруге кірісті. Дегенмен, біраз уақыттан соң бұл үйренгені аздық ететінін түсініп, кондитерлік студияда білім алу керек деген ойға келді.  2017 жылдың жаз айында осы іске бел шешіп кірісті. Мәскеудегі «VIP-Masters» курсын сәтті аяқтап, Александр Кислициннен білім алған Айгерім туған қаласындағы  Business Practicum 3 айлық курсын да оқыды. 

Осы алған білімі мен бизнес ашсам деген идеясы  Айгерімді Атыраудағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығына жетелеп келді. 

Мұндағы кеңесшілер "Даму" Қоры жүзеге асыратын бағдарламалар және мемлекеттің қолдау түрлері туралы мәлімет берді. Сондай-ақ Айгерімге ісін жаңа бастаушы кәсіпкерлерге арналған «Startup-Академия» курсынан өтуге кеңес берді. 

Аталған курсты тәмамдаған соң Айгерім Аташева стартап жобалар байқауына қатыспақ болды. Ал КҚКО менеджерлері  бизнес жоспар жасауға көмектесіп, байқауға презентация дайындауға көмектесті. 

«Take the Cake» студиясына жабдық алуды көздеген жобаға «Сбербанк» “Еңбек” бағдарламасы аясында қолдау көрсетіп, кәсіпкер алты пайыздық несиеге қол жеткізді. Қор несие сомасының 62,5 %-ына кепілдік берді.