info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408 Online Damu

Северо-Казахстанская область, г.Петропавлск, Производство колбасных изделий и мясных деликатесов, ТОО "Казмясопродукт"

Табыстың тарихы
20.11.2017

Мемлекеттен қолдау алған "Казмясопродукт" ЖШС тауарлардың сапасы мен өнім түрін үнемі жетілдіріп келеді. 2017 басынан бастап  зауытта шамамен 900 тонна дайын өнім дайындалған. Күніне  2 тонна шұжық және ет деликатестерін өндіреді
Шұжық өндірісі мал сою цехынан басталады. Ет әркез жергілікті өндірушілерден ғана сатып алынады. Күніне  50-ге дейін шошқа және сиыр қойылады. Жөнелтер алдында шикізатты салқындатады. Бұл үшін кәсіпорында  300 тоннаға дейін шикізат сыятын 7 камера бар. Келесі кезең - толық автоматтандырылған цех. Онда етті турайды және сұрыптайды. Бұдан әрі процесске ет, клипсатор, термиялық өңдеу камералары және вакуумды цехы қосылады да қоймадан дайын шұжықтар келіп түседі. Негізінен қақталған ет, деликатестер. Өйткені вакуумды өнім 10-15 тәулік сақталады.

Мұнда 120-дан астам өнім түрлері өндіріледі. Ай сайын түрлері жаңарып отырады. Айына шамамен 70 тонна өнім өндіреді.
2015 жылдан бастап "Казмясопродукт" ЖШС  "Цеснабанк" АҚ  пен  "Даму" Қоры арқылы мемлекеттік бағдарламалар аясында Ұлттық Қор қаражатынан және "Бизнестің Жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялап келеді. несиені өндірістік және сауда жабдықтарын жаңартып, шикізат сатып алуға жұмсайды. 

Казмясопродукт "ЖШС" өнімі  Солтүстік-Қазақстан облысы және одан тыс жерлерде халыққа жақсы белгілі және кеңінен танымал. Өнімдері Ресейге, Астана және Алматы қалалары, сондай-ақ басқа да облыстарға жеткізіледі.