info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Развитие бизнеса в г. Уральск

Табыстың тарихы

Кәзіргі таңда компьютерлік клубтар кең танымал кәсіпкерліктің түрі болып табылады. Мұндай жоғары сұраныстың пайда болуы адамзаттың барлық салаларында дербес компьютерлердің пайдалануы арқылы шешіледі, ал олар барлық үйде немесе әр мекемеде бола коймайды. Кейде интернетті пайдалану аса қажет болады (мысалы, есеп жолдау, маңызды хатқа жауап беру және т. б.). Осындай жағдайда компьютерлік клубтар ұсынатын интернет көмекке келеді. Компьютерлік клубтар көбінесе жастар арасында аса сұранысқа ие болады. Өйткені олар қәзір танымал онлайн-ойындар үлкен компаниямен ойнауға жағдай жасайды. Жеке кәсіпкер «Куспанов Совет Куанышкалиевич» өз жұмысын 2010 жылы Орал қаласында бастады, бастапқыда кәсіпкер 10 орынға арналған компьютерлік клуб ашты, ал біраз уақыт өте келе 130 орындық екі ойын аланың ашты. Бизнесті кеңейту және жаңа клиенттерді тарту мақсатында кәсіпкер қосымша 100 орындық компьютерлік клубты Орал қаласындағы сауда орталығында ашуды ұйғарды. Жоба «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында «Сбербанк» АҚ банкі арқылы қаржыландырылды, соған байланысты кәсіпкер пайыздық мөлшерлеменің 9% ғана төлейді де, ал қалған 7% мемлекет тарапынан субсидияланады. Сонымен қатар, несие сомасының 50% мөлшерінде «Даму» қорының кепілдігін пайдаланып, кәсіпкерге банктен қажетті несие соммасын алу мүмкіндігін берді.