Call-center (қонырау тегін)
1408
Табыстың тарихы
03.09.2018

Алматы қаласы. «Орландо КЗ» ЖШС. Қолдан сабын қайнату

Бүгін біз Баян Құлатаевамен әңгімелеспекпіз. «Орландо КЗ» ЖШС жетекшісі, «Даму» Қоры ұйымдастырған «Бизнес-Кеңесші» және «Іскерлік байланыстар» семинарына қатысып, өз ісін ашқан кәсіпкер.
34452526_1721593274596411_164906961547034624_n.jpg

Бизнесіңіз жайлы қысқаша әңгімелеп берсеңіз

Мен «Bayan» сауда белгісімен табиғи сабын және косметика шығарумен айналысамын. Біздің өнім 100% табиғи. Сабынның арқасында тазалық пен терінің әсемдігі сақталады. Біздің сабынның жұмсақ, нәзік, табиғилығы қаншалықты болса – сіздің теріңіз де соншалықты күтімді көрінеді. Ерекше құрамының арқасында теріні жақсы тазартып, ылғалдандырып, қажетті микроэлемент, витаминдермен байытады.


F57A2320.jpg
Дәл осы бизнес түрін таңдауыңызға не түркі болды? Идея қалай туындады? Ерекшелігі неде?
2000 жылдардан бастап косметиканы көтерме сатумен айналыстым. Тауарларды Түркия, Ресей, Украина, Белоруссия елдерінен алдырып отырдым. Сол кезде үнемі өз косметикамды шығару туралы ойланып жүретінмін. Бірнеше жыл бұрын АҚШ-қа сіңлім Айжанға қыдырып бардым. Сіңлім маған табиғи косметика жиынтығын сыйға тартты. Айжанның құрбысы өзі жасайды екен. Мен дереу қызығып, ол қызбен таныстыруды өтіндім. Бәрі осыдан басталды. 4 жылдан бері қолдан табиғи косметика жасап, сабын қайнатамын. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы туралы біліп, «Даму» Қорына хабарластым. Одан кейін «Бизнес-Кеңесші» курсына қатысуға 2012 жылы өтінім бердім. 2014 жылдың күзінде тағы да «Даму» Қорының қолдауымен «Іскерлік байланыстар» курсына қатысып, бизнес-жоспарымды қорғадым. Биыл Назарбаев Университет жанындағы шағын және орта бизнес топ-менеджментіне арналған оқу бағдарламасына қатыстым.
Идея туып, оны жүзеге асырғанға дейінгі аралықты әңгімелеп бере аласыз ба?
Маған өндіріс процессі қатты ұнайды. Өз өнімімнің орауы, оны сату да ұнайды. Бастапқыда әуесқойлық болып көрінгенмен, кейіннен ол бизнеске айналды. Сауда ісіндегі менің көп жылдық тәжірибем мен алған білімімнің де саудамен байланысты болғанынан шығар. Еңбекқорлығым мен білуге деген құмарлығым сүйікті ісіме көп көмектесті.


IMG_0087.PNG

Мақсаттарыңызды қалай жүзеге асырдыңыз?
"Даму" Қорымен байланысымыз тығыз. Кәсіпкерлерге арналған семинар, тренингтеріне қатысып тұрам. Ақпаратты электронды пошта немесе телефон арқылы хабарлайды. «Іскерлік байланыстар жобасы» менің өмірімдегі ең маңызды оқиға болды. Біздің оқу процесіміз, Германиядағы кәсіпорындарды аралау – барлығы егжей-тегжейлі ұйымдастырылған шара болды.

F57A2436.jpg

Екінші деңгейлі банктермен арадағы жұмыс жөнінде де айтып беріңізші.

Проблема болмайды емес, болады. Онсыз өмір қызық емес болар еді. Жұмыс барысындағы қиындықтар бізді шыңдап, мықты ете түседі. Тоқтаған жерден кері кетпей, алға ұмтыламыз. Идея өте көп, бірақ оның барлығын жүзеге асыра беруге уақыт пен қаражат жетпейді. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» бойынша 6 пайызбен берілетін несие осындай кездерде зор көмегін тигізеді. Дәл осындай мемлекеттік бағдарламалардың арқасында талай кәсіпорын еңсесін тіктеп алып жатыр. Олардың ішінде біз де бармыз.

Жобаны іске қосуға қанша қаржы кетті?

Жобаға алғаш салған қаржым көп емес, шамамен 500 000 теңге кетті. Бірақ үнемі бірдеңе алу керек болып тұрады емес пе. Негізгі шығын – шикізат, құралдар, орау материалдары, ыдыстар, типография қызметі, жарнама қызметі, жалақы.

IMG_0218.JPG

Бизнесіңіздің болашағы жайлы ойыңыз қандай?

Қазір құрал-жабдықтардың біразын сатып алуды жоспарлап отырмын. Ол өнім түрлерін, санын көбейтуге мүмкіндік береді. Интернет сауданы арттырып, клиент тартуға бағытталған бірқатар инновациялық құралдарды тартпақпын.

Бизнесіңіздің бәсекелестері туралы пікіріңіз қандай?

Әрине, бәсекелестер бар. Бірақ олар мені сапалы тауар жасауға қамшылайды. Менің өз сауда белгім бар, клиентім не қалайтынын білемін, өндірісті де жетілдіріп отырамын.



Қазақстандағы кәсіпкерлерге тосқауыл болатын негізгі қиындықтар қандай?

Ең алдымен білім алу, қаржылық және бюрократияны атар ем.

Бизнес иесі ең алдымен неге назар аударуы керек? Ісі жемісті болуы керек деп есептейтін кәсіп иесі бірінші шешуі тиіс мақсаттардың үштігін атаңызшы?

Бизнес қожайынында нақты даму стратегиясы болу керек. Менің пікірім бойынша басты мақсаттар:
1. Оқу – бизнес жүргізуде біліміңіз болмаса, кәсіпті дөңгелентіп әкету оңай болмайды.
2.Стратегиялық маркетинг – нарық таңдауы, өнімді дамыту, компания құру.
3. Қаржылық нәтиже, бизнестің басты мақсаты