info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Акмолинская область. Кофейня семейного формата «TheBeze»

Табыстың тарихы
04.09.2018


Ақмола облысы. «TheBeze» кофейнясы

Бүгін біздің сұрақтарымызға «TheBeze» отбасылық кофеханасының қожайыны Халиков Амир Радмирович жауап береді

Компания «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 60 айға жылына 6%-бен 18 000 000 теңге алды. 

Бизнесіңіз жайлы қысқаша айтып берсеңіз.

Біз отбасымен келіп демалатын «TheBeze» атты кофехана аштық. Ел экономикасының дамуымен қатар біз қызмет көрсетудің еуропалық үлгісіне біртіндеп көшеміз. Онда жұрт өз уақытын бағалап, өнім сапасына басты назар аударатын болады. Біздің де көздегеніміз сол. Қонақтарымыздың көңілінен шығып, тәтті-дәмдіні алдарына қоятынымызды мақтанып айта аламыз. Себебі азық-түлік сапасына баса назар аударамыз. Тамақ жасау барысын да назарда ұстап, қазір нарықта бар барлық алдыңғы қатарлы құрал жабдықтарды пайдаланамыз. Командамызда жас, жалынды жастар жиналған. Барлығының жұмыс тәжірибесі жеткілікті, білімді. Оларға қойылатын басты талап – асты адал әрі ынтамен дайындау. 

IMG_2251.jpg    

Дәл осы бизнес түрін таңдауыңызға не түркі болды? Идея қалай туындады? Ерекшелігі неде?

Зайыбым Алсина кішкентай кезінен бастап дәмді тамақ пісіруді жақсы көреді. 12 жастап бастап-ақ түрлі рецептер біліп, барлық отбасы мүшелерінің көңілінінен шығатын. Отбасында 4 бала болған. Тамақ дайындаумен қатар торт, кекс секілді тәтті-дәмділер пісіре де алатын. Бір кездері отбасымен бірге Италияда да тұрып келді. Ол жақта жұрт үйде көп тамақ жасамайды. Ол жақта барлығы таңғы, түскі, кеші астарын сырттан іше салады. Біз де туған қаламызда осындай отбасылықдәмхана ашу туралы ойға бекідік. 

IMG_2219.JPG


Идея туып, оны жүзеге асырғанға дейінгі аралықты әңгімелеп бере аласыз ба? Мақсаттарыңызды қалай жүзеге асырдыңыздар?

Мұндай форматтағы кофейняны ашу үшін біз не де болса соңына дейін тоқтамау туралы ойладық. Көлігімізді сатып, ғимаратты жалға алып, жөндеу жұмыстарын бастадық. Осы уақыт ішінде пәтерімізді де сатуға қойдық.
Мен несиеге әрқашан қарсы болатынмын. Сондықтан да қарыз алу ойыма да кіріп шыққан жоқ. Жөндеу жұмыстары жүріп жатты. Пәтер көкейіміздегі бағаға сатылмады. Мен инвестиция тарту туралы ойға келе бастадым. Осы ізденістің арқасында «Даму» Қоры жайлы білдім.   

IMG_2253.jpg

«Даму» Қорына жүгінген уақыттан бастап идея жүзеге асқанға дейін қаншалықты уақыт кетті. Екінші деңгейлі банктермен арадағы жұмыс жөнінде де айтып беріңізші.

Қорға жүгінген кезімде маған барлық бағдарламаларды таныстырып, «ForteBank» АҚ жайында кеңес берді. Осылайша мен нарықтағы ең алдыңғы қатарлы банктердің бірімен істес болдым. 
Құжаттарды рәсімдеу уақыты 2 айға созылды. Бұл - жылдың соңы болатын. Яғни 2017 жылы құжаттарымды тапсырып, 2018 жылы алдым. 
Банк жұмысы мен Қоры қызметкерлеріне көңілім толды. Шынымды айтсам, осылай тез шешіліп, тез біте қалғанына қатты таң қалдым.


IMG_2254.jpg

Жобаны іске қосуға қанша қаржы кетті ( негізгі шығындарды атаңызшы)

Жалпы жобаға 35 млн теңге кетті. Оның 18 млн теңгесін Қор арқылы тарттым. Осылайша біздің кофейня ашылды. Негізінен құрал-жабдық пен ғимаратты жөндеу жұмыстарына ақша жұмсадық. Сондай-ақ жиһаз бен іштегі әрлеуге арналған заттарға шығындалдық.



Бизнесіңіздің болашағы жайлы ойыңыз қандай? 

Біз қонақтар үшін үнемі жаңалықтар ойлап тауып отырамыз. Жақында қала бойынша жеткізіп беру қызметін енгіздік. Дүйсенбіден бастап кешенді түскі асты енгіземіз. 

IMG_2173.JPG

Бизнесіңіздің бәсекелестері туралы пікіріңіз қандай?

Өткен аптада қалада «Кофе бум» кофейнясы ашылды. Бұл – мықты бәсекелес. Нарықта 2010 жылдан бері жұмыс істейді. Тәжрибелері де мол. Бірақ мен оларды бәселекес деп есептемеймін. Олардың өз бизнес жүргізу әдістері бар, менікі бөлек. Олардың біздің нарықта болғанына ризамын. Себебі бәсекелестік - бизнестің қозғаушы күші іспетті. Клиент үшін күрес, сапалы өнім мен қызмет ұсыну – тек жетілдіре түседі. 

Қазақстандағы кәсіпкерлерге тосқауыл болатын негізгі қиындықтар қандай? 

Менің ойымша негізгі кедергі – кәсіпкердің өзі. Біз бір іс бастамас бұрын барлық бүге-шігесіне дейін ойластырғымыз келеді. Содан барып әр қадамыңды есептей бастайсың, милион проблема туындап шыға келеді. Ал шын мәнінде өз арманыңа қарай аяңдап, мәселе кездессе – біртіндеп шешіп отыру керек.  

IMG_2255.jpg

Бизнес иесі ең алдымен неге назар аударуы керек? Ісі жемісті болуы керек деп есептейтін кәсіп иесі бірінші шешуі тиіс мақсаттардың үштігін атаңызшы? 

Кәсіпкер ең бірінші барлық өкілеттіліктерді бөліп беруі керек. Ұсақ-түйекке басын қатырмауы керек. Үнемі білімін жетілдіріп отыруы керек. Дамып отыруы керек. Қолөнерші болмауы керек

Қожайынның негізгі шаруасы – бизнесінің үздіксіз жұмыс істеп тұруы. Бұл үшін қызметкерлерінің барлық міндеттерін жазып беру керек. Тіпті күнделікті кездесетін ұсақ-түйекке дейін. Қандай да бір жағдайда қызметкер өзін қалай ұстауы керек. Нұсқаулығы міндетті түрде болу керек. Сыйақы беру айыппұл салуды енгізу керек Әр қызметкер өз міндетін жақсы біліп, дәл орындаса – сыйақы алатынын, орындамаса – айыппұл салынатынын білуі керек.