Call-center (қонырау тегін)
1408
Табыстың тарихы
14.09.2018

Атырау облысы. BOOBLIK кофеханасы мен RUCOLA италия рестораны

Бүгінгі сауалымызға Атыраудағы BOOBLIK атты еуропа форматындағы дәмхана мен RUCOLA мейрамханасының иесі Жаныл Жәрдемов жауап береді. 

Бизнесіңіз жайлы айтып беріңізші (компания немен айналысады, жетістіктері қандай, қызмет ауқымы)

Негізгі қызметіміз – өз кондитер өнімдерімізді шығарып, сатып, мейрамхана жобаларын басқару. Қазіргі кезде компания Еуропа форматындағы RUCOLA атты тұңғыш кофейня мен Италия мейрамханасы жобасын жүзеге асыруда. Мұның сыртында аумағы 1000 ш.м болатын дүкен мен кондитерлік өндірістік кешен бар.

 

IMG-20170117-WA0019.jpg

Дәл осы бизнес түрін ашуға деген талап қайдан келді? Идея қалай туындады? Бұл идеяның ерекшелігі неде? 
2010 жылы негізгі жұмысым бойынша Францияға іссапарға барған кезде идея келді. Ол кезде Атырауға шет елдік қонақтар көптеп келе бастаған. Ал оларға ұсынатын тиісті деңгейдегі орындар жоқ еді. Бұл жобаның ерекшелігі – ұсыныстың бірегейлігі мен Франциядан мұздатылған шикізатты тасымалдауында болды. Ол кезде кәсіпорын толық күшіне енбегендіктен, өз өнім шығаруға батпадық.

Идеяны қалай жүзеге асырдыңыз? 
Франциялық кеңесшімен бірлесіп, дайын шикізаттан жасалатын тағамдарды сату нүктесін жылдам аштық. Жарты жыл жұмыс істеген соң импортты қойып, өз өндірісімізді жолға қою туралы ойластыра бастадық. Осы мақсатта 50 ш.м сату орнын 350 ш.м болатын сауда орнына айырбастадық. Бұл бізге кондитерлік өнім шығаратын цех жұмысын жолға қоюға мүмкіндік берді. Біраз уақыт өткен соң бұл жер де бізге тарлық ете бастады. Содан 1000 ш.м болатын осы ғимаратты тауып, әлі пайдаланып келеміз. 

Идеяны жүзеге асыруға дейін қанша уақыт кетті? 
«Даму» қорына алғаш барғанда оң жауап ести қойған жоқпын. Мен тіпті ісім оңынан болып, маған қолдау көрсетіледі деген ойдан аулақ болғаным рас. Біраз уақыт өткен соң Фейсбук бетінде Қордың демеуімен кондитерлік цех жұмысы жолға қойылғаны жөнінде ролик шықты. Мен өз жайым туралы пікір қалдырдым. Сол күні жұмыс аяғына дейін Атырау қаласындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы мамандары хабарласты. Сол оқиғадан соң әріптестік басталып кетті.


IMG-20170117-WA0018.jpg

Екінші деңгейлі банктермен әріптестігіңіз туралы айтып кетсеңіз?
Банк алдына өтінім алып барған кезде-ақ қолдауды сезіне бастадық. Өтінім беру, оны өңдеу, мақұлдау және несие беру ісі сондай жылдам жүзеге асырылды. Бізге өндірісімізге жеткізуші тауып, қанша керек екенін айтып, несиеге керек құжаттар топтамасын ұсыну қалды. 

Жобаны іске қосу қанша қаржы талап етті? 
«Даму Өңірлер-3» бағдарламасы аясында банк 50 млн теңге несие берді. Оның 7%-ын мемлекет субсидиялады. «Даму» Қоры 25 млн теңгеге кепілдік берді. Несие алған кезде біз құрылысты аяқтап, жаңа ғимаратта күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп болып қалғанбыз. Тек құрал-жабдық орнату ғана қалған еді. Оған дейін біз Германия, Италия мен Ресейдің ең жақсы құралдарын таңдаған болатынбыз. Бұл - өнім сапасын жоғары деңгейде етуге мүмкіндік береді. 

Бизнесіңіздің болашағы туралы айтып бере аласыз ба? 
Booblik жыл соңына дейін «Гурьевские десерты» деп аталатын кондитерлік өнімдерді жаппай шығара бастайды. Оны қаладағы супермаркеттер мен шағын дүкендерге таратады. Тоқбасардың бұл түрі қыбат емес, халықтың қалтасына қолайлы болып келеді. Халыққа арналған төмен бағалы өнімдер шығара бастау жобамызға жаңа серпін береді деген үміттеміз. Біз жаңа ғимаратқа да сыймай бара жатырмыз. Шамасы өндіріс көлемін арттырумен айналысу керек шығар. Сондай-ақ біз соңғы жылдары өндірісімізге HAACP стандарттарын қарқынды түрде енгізе бастадық. Негізінен көздегеніміз Атырау нарығы. 

IMG-20170117-WA0003.jpg

Бизнестегі бәселекестік туралы не айтасыз? 
Біздің бизнестегі бәсеке болған және бола береді. Біз талғамы жоғары тұтынушыларға арнап, шет елден әкелінген қоспалармен жұмыс істейтін болғандықтан, бәсекелестеріміздікіне қарағанда тағамымыздың дәмі ерекше. Соңғы кездері нарықта тұтынушы назарын аударатын шағын өндіріс тауарларын жиі байқаймыз. Сондықтан да жыл соңына дейін қарапайым халықтың қалтасы көтеретіндей өнімдерді нарыққа шығарғымыз келеді. Бұл жоба біздң Вокзал маңындағы жаңа дүкенімізде жүзеге асатын болады. 


Қазақстандағы кәсіпкерлер үшін ең үлкен кедергі неде?
Кез келген бизнес – тартысқа толы тіршілік. Қазақстанда шет елге қарағанда бизнеспен айналысу оңайлау. Атыраудың өзіндегі ең басты қиындық – кәсіби мамандардың жоқтығы. Үнемі өз бизнесіңе керекті адамдарды тауып, оқытып, маман етіп дайындауға тура келеді. 

Бизнесмен ең бірінші нені білуі керек? Бизнесінің тасы өрге домалауы үшін кәсіпкер ұстанатын басты үш қағиданы атаңызшы? 
№1 – немен айналысуды біліп, тұжырымдамасын нақтылап алу керек №2 – қаржыландыру жағын шешу керек

№3 – сауатты project management