info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Костанайская область. ИП Ниязбаева

Табыстың тарихы
12.09.2018

Қостанай облысы. Ниязбаева ЖК.

18 жыл бойы ұстаздық еткен Қостанайлық Наталья Николаевна өзіне таныс осы салада бизнес ашты. Бүгін біз кәсіпкерге не ынта беретінін, бизнес ашуға не түрткі болғанын біле аламыз.  


Наталья Николаевна, бизнесіңіз жайлы толық әңгімелеп берсеңіз?

Біздің бизнес білім саласын қамтиды. Негізгі салалар:

- мектепке дейінгі оқу мен тәрбие (оқушыларға арналған орталық);
- білім саласындағы біліктілікті көтеру; 
- қосымша білім беру – ересектер мен балаларға арналған көркемөнер мектебі. 
Алғашқы балалар студиясын 2010 жылы аштық. Қазір Қостанай қаласында 4 филиалымыз, 300-ге жуық оқушыларымыз бар.
2013 жылы білім саласындағы қызметкерлерге арнап біліктілік көтеру курсын өткіздік. Қазіргі уақытта Қостанай облысы мен басқа өңірлерден 6000 адам оқып шықты.

2015 жылы Л.И.Русина атындағы көркемөнер мектебін аштық. Онда 200 бала оқып жатыр.
IMG-20180914-WA0010.jpg

Кәсіпкерлікке дейінгі қызмет жолыңыз жайлы айтып беріңізші?

Ұстаздық еткен соңғы 18 жылда университетте психология және педагогика пәнінен сабақ бердім. Тек осы жылы ғана мен университетке жұмысқа келген жоқпын. Себебі бизнес - өміріме айналды, уақытымды да көп алады. Бірақ ғылыми-зерттеу жұмыстарымды тастаған жоқпын. Көршілес елдердің философ ғалымдарымен, психологтарымен, педагогтарымен хабар алмасып тұрамын. Білім саласына қатысып, ғылыми мақалалар жазып конференция, ғылыми семинарларға қатысамын. 

IMG-20180914-WA0009.jpg

Клиенттерді қалай таптыңыздар?
Ең қарапайым жарнама түрі – буклеттер мен хабарландыру беру. Қолма-қол тараттық. Интернетте жұмыс істеудің қарапайым қағидаларын білмедік, басқа ірі шараларға қаржымыз болмады. Радиожарнама, көрнекі жарнама бар. Соның өзінде клиенттер келе бастады. 


Бизнес ашуға қанша қаржы кетті?
Нақты сомасын айта алмаймын, есімде қалмады. Бірақ 400.000-500.000 теңге төңірегінде болған еді. 2010 жылы шығыннның орны біліне бастады. Негізінен жалға алу мен оқу бөлмелерін күрделі жөндеу, жиһаз, құрал-жабдықтарға қаражат кетті. Әрине, балалар көбейген сайын материалдық шығындар артып, кәсіби өсім байқалғаны рас. 

IMG-20180914-WA0011.jpg

Мемлекеттен алған қолдауларыңыз туралы айтып беріңізші
Бұл жағынан қуана-қуана айта аламын. Алдымен «Даму» Қоры арқылы кәсіпкерлік негіздерін оқып, кеңес алдым. Атап айтқанда: «Бизнес-Кеңесші», «Бизнес-Өсу», «ШОБ топ-менеджментін оқыту», «Іскерлік байланыстар». Барлық бағдарлама қызықты, пайдалы болды. Сонымен қатар, Қор ұйымдастырған барлық семинар, кездесулерге қатысып отырдым. 
Мен Қор қызметкерлері тарапынан кәсібіме деген алаңдаушылық пен қызығушылықты байқаймын. Менеджерлер несилендірудің жеңілдікті жолдары шықса міндетті түрде хабарласып отырады. 2016 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша несие алуға ұсыныс тастады. Ол бойынша пайыздық мөлшерлеме субсидияланатын еді. Әрі Қордың кепілдігін алатын. Қор маған толыққанды қолдау көрсетті. Бизнес-жсопар жазудан бастап нақты проблемаларымды шешіп, банкке құжат жинауға, сүйемелдеуге дейін.

Осы несиенің арқасында мен ғимарат алдым, оған көркемөнер мектебі мен балалар студиясын орналастырып, жалға алып отырған ғимарттан көшіп келдік. Қазір бұл - түрлі бағдарламалар мен бағыттар бойынша оқытатын заманауи, әдемі мектепке айналды. 

IMG-20180914-WA0005.jpg

Сіздің бизнесте маман таңдау маңызды ма? Оларды қайдан табасыз? Қалай ынталандырасыз?
Кадр мәселесі бизнесте ең маңызды мәселе. Әсіресе білім беру саласында жақсы маман табу оңай емес. Тіпті басқа салаларға қарағанда күрделі деп те айтар едім. Менің басты қағидам: басқаруда мамандар мені өздері іздеп келетіндей әдістер қолданғанды ұнатам. Қызметкерлерге деген сұраныс пен командамның саны дәл болса – біз дұрыс жолдамыз деген сөз.

Біздің мекемеде жұмыс істеймін деген құлшыныс қызметкерімнің бойында болу керек. Бұл – менің екінші қағидам. Жалақыларын жақсы төлеймін, біліктілік көтеру курстарында тегін оқытуға тырысамын, қызметкердің ұжымда қалыптасқан дәстүрімізге тез ілесіп кетуіне жағдай жасаймын. Педагогтардың біліктілігін көтеріп, өзін-өзі дамытуы – менің басшы ретінде алға қойған мақсаттарымның бастысы. Олардың қалауын біліп, тілегін ескеріп, бірге өсіп отыруым керек. Бұл да қызметкерлерді ынталандыратыны рас.
IMG-20180914-WA0006.jpg

Клиент тарту үшін интернетті қаншалықты пайдаланасыз?


Негізінен Инстаграм арқылы жарнама берумен айналысамыз. Өз бағытымыз бойынша бизнес-аккаунт жүргізіп отырамыз. Коммерциялық жарнамамыз да инстаграм бетінде бар. Барымыз осы. Интернетте жарнамалау жағынан осал болып тұрғанымыз рас. Бұл олқылықтың орнын толтырамыз деп ойлаймыз. Тіпті клиенттер көп болса да ақпараттық қолдау – бизнесті алға жылжытатын мықты күш деп ойлаймын.
Дегенмен, біздің жұмысымызда басты жарнама - ұзынқұлақ. Бұл – нағыз сенімді, ең бастысы адал әдіс. Өз жұмысын жақсы білу – клиент тартудағы ең мықты қару

Сонымен қатар, клиентті біз іздемей, өздері бізді іздеп келетіндей етіп бизнес жүргізгім келеді. 

Тағы бір айта кететінім – біз клиентті кем дегенде бір жылға тартамыз. Бір реттік қызмет, процедура емес. Ата-аналар разы болып, балаларын/ туыстарын/ достарын ертіп келу үшін бір жыл бойы біз бел жазбай жұмыс істеуіміз керек.Бұл – оңай емес. Бірақ бұл біздің клиенттерді тарту әдісіміз. IMG-20180914-WA0008.jpg

Даму жоспарларыңыз қандай?
Бірінші жоспар – көркемөнер мектебі орналасқан ғимаратқа жөндеу жүргізу. Орын жетпей бара жатыр. Біз қосымша ғимарат салу үшін құжаттарымызды дайындай бастадық. 2019 жылы құрылысты аяқтаймыз деп отырмыз.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге беретін кеңесіңіз?
Адал жұмыс істеу. Көп еңбектену. Алдыңа мақсат қойып, соған жетуге тырысу.