info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Северо-Казахстанская область. ТОО «Ростан»

Табыстың тарихы
20.09.2018


 

Бүгінгі қонағымыз - Солтүстік Қазақстан облысындағы сүт өнеркәсібі саласындағы көшбасшылардың бірі - «Ростан» ЖШС

Бизнесіңіз жайында қысқаша айтып өтіңізші

 

Бүгінгі күні «Ростан» ЖШС Солтүстік Қазақстан облысындағы сүт өнеркәсібі саласындағы көшбасшылардың бірі екенін өздеріңіз білесіздер. Кәсіпорынымыз СҚО, Аққайың ауданы, Ленин ауылында орналасқан. Кәсіпорын 1998 жылы Ленин ауылындағы май зауыты жанынан құрылған. Компанияның негізін қалаған Владимир Михайлович Ростовщиков.

«Ростан»
ЖШС шығаратын өнім түрлері
шаруа сары майы
сары майлы-өсімдік спредтері
ерітілген шұжық тәрізді ірімшік
• «А
ққайың» ірімшігі
майсыз сүзбе

«Ростан» ЖШС өнімдері барлық санитарлық-техникалық талаптарды сақтай отырып, заманауи-техникалық құралдарда шығарылады. Өнімдері сапалы, талаптарға сай келеді. Қарағанды, Астана, Көкшетау, Балқаш, Атырау және Ресейдің Екатеринбор, Омбы, Владивосток және басқа қалаларына да жеткізіледі. Қазір кәсіпорында 48 адам еңбек етеді.
«Ростан»
ЖШС өнімдері бірнеше мәрте республикалық, аймақтық, халықаралық көрмелер мен байқауларға қатысып, медаль, марапат, кубоктарға ие болған.
SAM_2334.JPG

Іс бастаған кезден бүгінгі жобаларыңызың іске асқан кезеңіне дейінгі тарихыңыз жайында айтып беріңізші.

Сүт зауытын қайта қайта жаңартқан 1999-2002 жылдар аралығынан кейін кәсіпорын «Ростан» сауда белгісімен тауар шығаруға кірісті. 2003 жылы күрделі жөндеу аяқталды. Бұл – өнім шығару мерзімін жылдамдатып, саны арттыруға мүмкіндік берді. Сүт сатушы көліктер сатып алынып, кәсіпорынның техникалық қызметкерлері оқыды.

2004 жылдан бастап кәсіпорында «Амисмок» атты шұжық тәріздес ірімшік шығару ісі жолға қойылды. 
2004 жылы қарашада директор Ростовщиков Владимир Михайлович СҚО бойынша «Жылдың үздік кәсіпкері» атанды.

2005 жылы майды 200 грамм болатын брикеттерге қаптайтын автомат қойылды

P7025055.JPG

Зауытты жаңарту мен жөндеу жұмыстары үнемі жүргізіліп тұрады.

Салыстырмалы түрде қарастыратын болсақ, қаңтар айы мен шілде айы арасында 2017 жылы – 1 482 797 кг болса, 2018 жылы – 2 046 424 кг өнім берген. Яғни көлемі 1,5 есеге өскен.


«Ростан»
ЖШС өнімдері табиғи шикізаттан жасалады, ешқандай консервант, ароматизатор, жасанды бояулар қосылмайды. Тұтынушылар да осы сапа мен бағаның қолайлы болғандығы үшін тұрақты сұранысты толастатқан емес. Бұған «Даму» Қоры қосатын үлес те аз емес.

575652457.jpg

«Даму» Қорына келгеннен бастап, идеяңыз жүзеге асқанға дейін қанша уақыт кетті?

Біз «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша Даму Қорының қолдауын бірнеше мәрте алғанбыз.
2014 жылы алғаш жолықтық. «ForteBank» арқылы алып, субсидиялаған несиені біз айналым қаражатын толықтыру үшін жұмсаймыз. Сол жылдан бастап қаржыландырылған жобалардың жалпы құны 123,4 млн теңгені құрайды. Бұл несиелердің барлығына «Даму» Қоры кепілдік берді. Сондай жобалардың бірі - 59,9 млн теңгені 2017 жылы «Даму» Қорының 12,0 млн теңге кепілдігімен алдық.

Бизнесіңіздің болашағы жайлы көзқарасыңыз қандай?

Қазіргі кезде «Ростан» ЖШС Мәскеудің «Сельхоз Лидер» компаниясымен сүт өңдейтін модульді зауыт салу жөнінде шарт жасасты. Мини-зауытта бір ауысым ішінде 5 тоннаға дейін сүт өңдеуге болады. Бұл цех өнім түрін арттыруға да мүмкіндік береді.

Біз болашақта нарықтағы үлесімізді арттырып, тек елде ғана емес, сыртқа да өнім шығарып кәсіпорынның бәсекеге қабілетін арттыруымыз керек деп жоспарлап отырмыз.

609231190.jpg

Екінші деңгейлі банктермен өзара қарым-қатынасыңыз туралы айтып беріңізші? (Қанша уақытта несиені мақұлдады, банкке неше рет бардыңыз, не үшін, бірінші рет ала алмасаңыз себебі қандай болды)

«Ростан» ЖШС - «ForteBank» АҚ клиенті. Бұл банктен несие алуымызға Даму Қорының қолдауы сеп болды. Мемлекет тарапынан субсидиялаудың арқасында банк мөлшерлемесі төмендеп, қор тарапынан берілген кепілдік сенім ұялатады. Бұның барлығы кәсіпорынның күшеюіне көп көмегін тигізеді.

SAM_2292.JPG

Бизнестегі бәселкелестік туралы не айтар едіңіз?

Бүгінгі бәсекеге қатал нарықта өнімдердің сапасы жоғары, бағасы қалта көтерерлік болып, айналымды арттыру басты мақсат болуы тиіс.


P6094291.JPG

Қазақстанық кәсіпкерлердің жолындағы басты кедергі не деп ойлайсыз?


Білікті мамандар тапшылығы, кепілдікке қоятын мүліктің жоқтығы, банк несиелерінің пайызының жоғарылығы, импорт тауарлармен бәсекенің жоғарылы.