Call-center (қонырау тегін)
1408
Табыстың тарихы
21.09.2018

Алматы облысы. «Темргалиева Юлия Юрьевна» ЖК.

Алматы облысы. «Темргалиева Юлия Юрьевна» ЖК.


Бүгінгі сауалдарымызға «Темргалиева Юлия Юрьевна» ЖК иесі Темірғалиева Юлия Юрьевна жауап береді.


Бизнесіңіз жайлы қысқаша айта кетіңізші.

 

Менің бизнесім балық пен балық өнімдерін сатудан тұрады. Біздің дүкенде балықтың түрі өте көп (өзен, көл, теңіз, мұхит балығы). Қақталған, ысталған, тұздалған, кептірілген, мұздатылған. Қала бойынша жеткізіп те береміз. Мейрамхана, дәмхана, асхана, аспаздықтарды да тауармен қамтамасыз етеміз. Тауап алу үшін бізге  Алматы облысының жақын маңдағы ауылдарынан да келеді. 


IMG_0525-30-07-18-12-36.JPG


Осы бизнесті ашу  жайлы ой қашан келді? Идея қалай келді? Ерекшелігі қандай
«Волна»
дүкенін ашу туралы ой – Алакөлде балық азайған соң келді. Оған дейін анам екеуміз Алакөлден зауытқа балықты өзіміз  таситынбыз. Кейіннен көксеркенің етін ажыратып алып, мейрамханаларға өткізетін болдық.  

IMG-20180717-WA0016.jpg

Идея басыңызға келгеннен бизнеске дейін қалай жеткіздіңіз
Балық етін мейрамханаларға жеткізуді жолға қоя отырып біз жалға ғимарат алуға қол жеткіздік. Дүкен алуға ақша жоқ еді. Өз ақшамызға жабдықтар алып, өнім түрлерін арттырып отырдық.

1.jpg

«Даму» қорына жүгінген соң қанша уақыт ішінде қолдау алдыңыздар? 
Биыл жалға алып отырған ғимаратты сатып алуды шештік
. Түрлі банктерге барып жолықтық. Пайыздары қалта көтерлік емес еді. Сосын мен «Даму» Қоры туралы естідім. Даму Қорының менеджері Досхан маған сауатты кеңес берді. «Еңбек» Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017–2021 жылдарға арналған бағдарламасының» талаптары маған ыңғайлы болды. Мен құжаттарымды жинап бір ай ішінде несиеге қол жеткіздім

IMG-20180717-WA0014.jpg

ЕДБ арадағы байланыстарыңыз туралы айтып беріңізші? (ЕДБ қандай мерзімге несие берді, неше мәрте бардыңыз,  қайта барсаңыз себебі не еді.) 
Кәсіпкер ретінде мен банкке алғаш рет барып көрдім. Сбербанк арқылы несие алдым. Өтінім бір айдың ішінде қаралды. 

Жобаны іске асыруға қанша қаржы кетті? 
Жобаға
8 млн теңге салдым, магазин сатып алу керек еді

IMG-20180717-WA0015.jpg

Бизнесіңіздің болашағы тура айтыңызшы
Болашақта мен өнім алуандығын арттырып, ғимаратты кеңейткім келеді (тағы бір зал қоссам деймін). 

Бизнесіңіздегі бәсекелестік туралы не айтасыз
Бәсекені  сезініп отырған жоқпыз. Себебі бізде ең сапалы, жаңа түскен тауар болады