info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Жамбылская область. ИП «Брутал»

Табыстың тарихы
24.09.2018


Компанияның жетекшісі Рахманқұлов Елнұр Жеңісқұлұлы арманына асықпай жеткен азамат. Елнұр шаштараз болып 2012 жылдан бастап жұмыс істеген. Алматы мен Астана қаласындағы ерлер салонында із қалдырған. 2018 жылы барбердің оқуына барып, білімін жетілдіріп 1 разряд алады (теория мен практиканы ұштастырып). Осы салада біраз еңбек етіп, тәжірибе жинаған соң өз бизнесін ашуды ұйғарды Бүгін ол бізге өз тарихын әңгімелеп береді.

 

Елнұр Жеңісқұлұлы бизнесіңіз жайлы қысқаша айтып беріңізші

Біздің салон – ерлерге арналған сұлулық салоны. Барбершоптың атқаратын қызметі – шашқа күтіп жасау: қырқу, бояу, сәндеу; сақал бастыру: патшаларша сақал қыру, айнасын күзеу, реңк беру; маникюр, педикюр; тері күтімі.

PHOTO-2018-09-03-19-24-55.jpg

Осы бизнеске келу туралы ой қалай келді? Дәл осы идея? Ерекшелігі қандай?

Ерлерге арналған шаштараз ашу туралы ой – қазіргі азаматтардың осы салаға деген сұранысын көрген соң туды. Мен осы саланың болашағы бар, сұранысқа ие деген ойға бекіп, шаштараз ашуға бекідім.

Идеяны қалай жүзеге асырдыңыз?

Бастапқы кезде барлығы есептеп, үлгіні алға қойып, қалай жасау керектігін жоспарлайтынбыз. Бүгінгі күнге қарағанда ол кезде үлгі жоқ еді. Қазір бәрі түсінікті. Ол кезде қағазға сызып, суретін салып көріп, болжап, график жасап жататынбыз. Керемет қанаттанатынбыз! Бұл біздің өз күшімізге деген сенімділікті арттырды. Мен бұл жобаны жүзеге асырғанша талмай жұмыс істедім.

PHOTO-2018-09-03-19-24-56.jpg

 

«Даму» Қорына жүгінген күннен бастап, іс алға жылжығанға дейін қанша уақыт кетті?

Жобаны жүзеге асыруға шамамен 2-3 апта кетті.

ЕДБ-мен арадағы байланысыңыз туралы айтып беріңізші

Түрлі екінші деңгейлі банктерге бірнеше рет барып жолықтым. Жалпы алғанда өтінімді қарауға 1-2 апта кетіп отырды.

PHOTO-2018-09-03-19-24-53.jpg

 

Жобаны іске қосуға қанша қаржы кетті

Өз қалтамнан шамамен 2 млн теңге салдым. Негізінен барберге арналған құралдар мен жабдықтарға кетті.

Бизнесіңіздің дамуы, болашағына көзқарасыңыз қандай?

Барбер индустриясының қарқынды дамуымен қатар білікті мамандарға деген сұраныс та артты. Бұдан 2 жыл бұрын мұндай проблема болмаса қазір барбершоп иелерінің бас қатырар шаруасы болып тұр. Қазір бұл бағыт өте табысты болып саналады.

PHOTO-2018-09-03-19-24-52.jpg

 

Бизнесіңізге бәсекелестік туралы не айтар едіңіз?

Жыл өткен сайын бәсекелестік артып келеді. Қазір мұндай орындар көптеп ашылып келеді. Бірақ олардың барлығын барбершоп деп атауға келмейді. Біздің барберлердің барлығы – ер адамдар, тек тіркеуде ғана қыздар отырады.

Қазақстанда кәсіпкерлердің жолындағы кедергі не деп ойлайсыз?

Ең үлкен проблема – ескертусіз жетіп келіп, айыппұл салуға әрекеттену дер едім. 

Бизнес иесі ең алдымен нені басты назарда ұстауы керек? Бизнес жемісті болу үшін керек деген 3 мақсатты атаңызшы

Кәсіби өсу, білім, сабыр.