info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мангыстауская область, г.Актау, салон-магазин "ОРТОПЕДиЯ"

Табыстың тарихы
06.03.2018

Көктем мерекесі қарсаңында кәсіпкер Алиева Гүлнара Яшталапқызы үшін нағыз сыйлық - «ОРТОПЕДиЯ» дүкен-салонының ашылуы болды. Ортопедиялық тауарлар дүкенінде варикозға қарсы трикотаж, сүт безі экзопротезі, массаж шарлары, термальды іш киім, креслолар және тағы басқа да арнайы тауарлардың алуан түрі қойылған. Дүкен «Қасиет» медициналық орталығынан жалға алынған бөлмеде қызмет көрсетуде.

Бұл дүкен арқылы арнайы ортопедиялық жабдықты тапсырыс арқылы алуға мүмкіншілік бар. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы» аясында іс бастаушы кәсіпкерлерге өнеркәсіптік шектеулер қарастырылмағандықтан, жоба жылына 6%-бен қаржыландырылды. Бұл бағдарлама сауда саласы үшін ең қолжетімді болып тұр.

«Банк ЦентрКредит» АҚ арқылы алынған несие сомасының 85%-ына «Даму» қоры кепілдік берді. Қаржыландыру мерзімі - инвестиция үшін 5 жыл. Мемлекеттік бағдарламаға қатысушы барлық жобалар секілді, бұл жоба да банк комиссиясынсыз қаржыландырылды.