Call-center (қонырау тегін)
1408
Табыстың тарихы
22.02.2018

Сыра дистрибьюторы «Даму - Оптима» кепілдігін алды

«Saudainvest»  компаниясы – Оңтүстік Қазақстандағы құйылмалы сыра өткізетін алдыңғы қатарлы дистрибьюторлық компаниялардың бірі. Негізінен азық-түлік және сыра дистрибуциясымен айналысады.

Компания 2017 жылдан бастап «Шымкент сыра қайнату зауыты» ЖШС құйылмалы сыраның және «Caspian Beverage Holding» АҚ бөтелкелік сырасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ресми дистрибьюторы.

Ай сайын шамамен 150000 литрге дейін құйылмалы сыра, шамамен 20 000 данаға дейін бөтелкедегі сыра  сатылады. Маусым қызғанда  сату 5 есеге арттады. Сауда тек өктерме түрде жасалады. Қойманың көлемі 568 ш.м. құрайды.

Компания сырадан басқа, жарма, қарақұмық, қант сатумен де айналысады. Сондай-ақ,  тауарларды барлық облыстарға жеткізу, жөндеу, жуу және құйылмалы сыраға арналған құрал-жабдықтарды дезинфекциялау қызметерін де көрсетеді.

Компанияда 45 адам жұмыс істейді. Биыл компания өз қоржынын кеден одағы елдерінің азық-түлігімен кеңейтуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ Сарыағаш және Жетісай  қалаларында филиал ашу да ойда бар.

Өткен жылдың желтоқсан айында компания біздің Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығымызға несие алуға кеңес алу үшін келген. КҚКО менеджері Данагуль Зуфтарова компанияның қызметімен танысып  «Даму-Оптима» кепілдігін ұсынған. Қысқа мерзім ішінде «Bank RBK» жобаны мақұлдады, кепілдік мөлшері  25,0 млн теңге, сыйақы мөлшерлемесі – 19%.