info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Cеверо-Казахстанская область, г.Петропавлск, Цех по производству продуктов питания быстрого приготовления, ТОО "РимКазАгро"

Табыстың тарихы
24.01.2018

Солтүстік Қазақстанда «БЖК 2020» бағдарламасы аясында жылдам даярланатын кеспе шығаратын цех ашылды. «Рим Каз Агро» ЖШС ботқа, сорпа, картоп езбесін шығаратын алғашқы жобасы 2016 жылы шілде айында жүзеге асқан. Кәсіпорын «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың бірыңғай бағдарламасы аясында, мемлекет тарапынан, «Даму» Қоры арқылы субсидияланады. Алғашында тәулігіне 10 тонна өнім шығарыла бастаған. Ал қазір бір сағат ішінде конвейерден екі тонна кеспе өтеді. Цех салуға кәсіпорын 1 млрд 100 млн теңге жұмсады. Жаңа кәсіпорын ашылған соң солтүстік қазақстандық 58 адам жұмыс тапты. «Рим Каз Агро» ЖШС «Паста мама» кеспесін, сорпа, картоп езбесі, сұлы жармасын заманауи технологияларды пайдалана отырып жасайды. Кәсіпорын жылына 9 250 тонна өнім бере алады. Шикізат отандық, құралдар автоматтандырылған, қысқа уақытта мол өнім шығаратындықтан, тауар да қолайлы бағада сатылады. Компания басшысы Ирина Демидова кеспені жергілікті, сапалы ұннан жасайтындарын айтады. Жобаның жүзеге асуы жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті ұн өндірісін қамшылауға сеп болады. Бүгінде «РимКазАгро» өнімдері елде ғана емес, Ресей нарығына да шығып үлгерген.