info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

г.Астана, Производство и оптово-розничная реализация полиэтиленовых бахил экстра класса, ТОО «Gazgolder Group»

Табыстың тарихы
19.12.2017

"Gazgolder Group"  полиэтилен бахил өндірумен және көтерме-бөлшек сатумен айналысады. Компания 2015 жылдың қыркүйегінде тіркеліп, өндірістік қызметті 2016 жылы наурыз айында бастады. 

«Gazgolder Group» ЖШС экстра санатты полэтилен бахилдарды көтерме және бөлшек өткізумен айналысады. Компания 2015 жылдың қыркүйек айында тіркеліп, қызметін 2016 жылы сәуір айында бастады.                   
Бүгінгі күні Астана мен Қарағанды қаласында бахил сатудан көш басында тұр. Директор, Қарағанды қаласының тумасы Петр Анатольевич Чаплинский Астанаға 2005 жылы қоныс аударып, салық комитетінде еңбек етті. Екі бала тәрбиелеп отырған азаматқа осы іспен айналысу жайлы ойға келуге де балалары түрткі болыпты. 

Ол ойдың басына келуі де қызық.

«Ылғи өз кәсібім болғанын армандайтынмын. Балалар жекеменшік балабақшаға барып жүрді. Ал ол жерде кіре берісте ата-аналарға бахил кию міндет еді. Ол бахилдар кимей жатып жыртылатын өте сапасыз. Мықшыңдап жүріп осы бахилді жұрт қиналмай киетіндей етіп шығаруға бел будым. Әрі ғимаратта да тазалық сақталады. Барлығын ойша саралап, талдап алып, іске кірісіп кеттім. Үш айдан соң алғашқы бахил да шыға бастады. Қазір Алматы мен Қарағандыда менің бахилдарыма көңілі толатын клиенттерім жеткілікті», - дейді Петр Анатольевич.


Қыркүйек айында кәсіпкер бахил шығаратын құрал мен шикізат сатып алуға Сбербанк арқылы несие алмақ болған кезде «Еңбек» бағдарламасы жайлы білді. Бірнеше күннен соң несие мақұлданды. «Gazgolder Group» өнімдері басқа компаниялардікіне қарағанда сапалы, арзан әрі 100% отандық өнім. Әрі нарықтағы бахилдардан түсі де ерекше.

«Әрине, бүкіл ел аумағында тауар өткізгіміз келеді. «Даму» Қорының бағдарламаларының арқасында өндіріс көлемін арттырып, шикізатты да өзіміз шығарғымыз келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға да жұмыс орындарын ашқымыз келеді. 2019 жылға қарай барлық жоспарларымыз орындалады деген сенімдеміз», - дейді бизнесмен.