info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

г.Астана, Медицинский центр "Alanda Clinic", ТОО "Оазис-1"

Табыстың тарихы
14.12.2017

Астанада қонақ үй, жеке жайлы бөлмелері бар «Alanda Clinic» атты медициналық орталықтың ашылуы болды. 
 
«Оазис-1» компаниясының 13 пайызбен банктен алған несиесі  "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы аясында субсидияланды. Соның арқасында компания тек 7 пайызбен ғана несие өтейді. 

Жаңа медицина орталығы 4 000 шаршы метрді алып жатыр. Мұнда 2 операция залы, 40 төсегі бар стационар, зертхана жұмыс істейді. Ем амбулаторлы және стационарлы түрде жүргізіледі. Терапия, урология, неврология, тамыр хирургиясы, гинекология, хирургия, косметология, пластикалық операция бөлімі мен спа-салон орналасқан.

Жақында KARL STORZ неміс компаниясымен әріптестікте, шет елдік профессорларды тарта отырып, қазақстандық дәрігерлердің біліктілігін көтеру курстары ашылады. Біздің дәрігерлерге шеберлік сабақтарын өткізуге арналған арнайы шет елдік жабдықтар да сатып алынды. 

Көп функциялы орталықта 61 нөмірі бар қонақ үй бар. Онда клиенттер мен қала тұрғындары фитнес, спа, мейрамха,  акт залын пайдалана алады.