info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Кызылординская область, Производство колбасных изделий "Арай", ИП "Калымбетовой К."

Табыстың тарихы
15.12.2017

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында қуаттылығы 200 тонналық Арай сауда белгісімен шығарылатын шұжық өңдеу цехының ашылу салтанаты өтті. 
Ашылу рәсіміне Қызылорда қаласы Әкімінің орынбасары, «Нұр Отан» ҚОФ Төрағасының орынбасары, «Даму» Қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары қатысты. 
Жеке кәсіпкер Қалдыгүл Қалымбетованың жобасын «Даму Аймақтар» бағдарламасы аясында АҚ «АТФ Банк» ҚФ мақұлдап, шұжық цехы ғимаратының құрылысын қаржыландырды. Мемлекет тарапынан жылдық 10% көлеміндегі субсидиялауға оң шешім шықты. Жобаның табысты жүзеге асуы нәтижесінде 15 түрлі шұжықтар өндіріліп, 38 жұмыс орны ашылды