info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Павлодарская область, г.Павлодар, Студия красоты "Әдемі", ИП "Исагулова"

Табыстың тарихы
26.11.2017

"Еңбек" бағдарламасы бойынша кәсіпкер несиені салалық шектеусіз ала алады. Жақында Павлодарда осы бағдарлама аясында сұлулық салоны қолдау алды.

Компания басшысы Исағұлова Сәуле Ербатырқызы өз ісін ашуға біртіндеп келді. Бұған итермелеген - АҚШ-тағы тағылымдама мен банктегі жұмыс өтілі. Сауленің айтуынша, бес жылдық жұмыс тәжірибесі бизнес-процестер мектебін жақсы түсінуді, ал клиенттермен қарым-қатынас оған шабыт берген және ақыр соңында Сәулені кәсіпкерлік әлеміне әкелген.

Қазір Сәуленің өз ісі – «Әдемі» сұлулық студиясы бар. Осы іс табыс қана емес, сонымен бірге қуаныш та сыйлайды.

Компания дамып келе жатыр. Биыл Екібастұз қаласында да филиал ашу туралы мәселе көтерілді. Ол бастама нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік бағдарламасының арқасында жүзеге асты. Бағдарлама туралы толық ақпаратты Сәуле кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығынан алды және толық пакет құжаттарын жинауға кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кеңесші Асыл Жулаушинов көмектесті.

Қазан айының соңында Исагулова Сәуле 10 млн теңге мөлшерінде несие алуға «Халық Банк» мақұлдауын алды, несие бойынша пайыздық мөлшерлеме 6% құрады. Сондай-ақ, «Даму» Қоры банк алдында кепіл болды. Іс бастаушы кәсіпкер ретінде, Сәуле несие соммасының 85% мөлшерінде қордың кепілдігін алды.