info@fund.kz +7 (800) 080 18 90 | 1408

Мангистауская область, г.Жанаозен, Детский сад, ИП «Касикбаев»

Табыстың тарихы
21.11.2017

Жаңаөзенді дамуы қарқынды қала деп айтуға болады. Бұл жерде «Даму» Қорының қолдауымен жүзеге асқан жобалар саны артып келеді. 2-шағынаудандағы «Мерей» бизнес орталығында орналасқан «Даму» Қорының Маңғыстау облыстық филиалындағы Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының мамандары осы мақсатта еңбек етеді. Олар кәсіпкерлердің бизнес идеяларын кәсіп көзіне айналдыруға көмектеседі. Назарларыңызға Жаңаөзен қаласындағы Қасықбаев Серік Қалдыбайұлы басқаратын балабақшаны ұсынамыз Жоба 2012–2020 жылдарға арналған моноқалаларды дамыту бағдарламасы аясында қолдау алған.

Кәсіпкерліктің негізі 2013 жылы қаланды. Алғашында көліктің қосалқы бөлшектерін сату және ғимараттарды жалға берумен айналысты. Балабақша құру жайлы идея бір жастан төрт жасқа дейінгі балаларға балабақшада орын жетіспейтінін көрген соң келді. Бұл бизнес идеяны жүзеге асыру үшін кәсіпкер «Қазақстан Халық банкі» арқылы 34 айға жылына 14% пайызбен несие алды. «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында 14 пайыздың 4%-ын ғана төлейді. Қалған 10%-ын мемлекет қайтарымсыз негізде өтеп береді.

Балабақшада 3 топ бар. Жалпы 75 бала тәрбиеленеді. Ағылшын тілі, музыка пәндері қосымша өтеді. Осы жоба аясында 22 жұмыс орны ашылды.