В Атырау начался прием заявок на участие в конкурсе «Жұлдыздарға қара - Посмотри на звезды»

Анонсы
07.06.2016

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы және «Құс жолы» қайырымдылық қоры «Жұлдыздарға қара - Посмотри на звезды» жобасы аясында қайырымдылық сайысы жүргізілетінін хабарлайды.

Жоба мүмкіндігі шектеулі жандардың өз әлеуметтік теңсіздігін грант есебінен жүзеге асатын өз бизнес-идеяларының кәсіпкерлік қызметтері арқылы жеңуге деген ұмтылысты қолдайды.

Бизнес-идея сайысына қатысуға Қазақстанның 18 жастағы кәмелетке толған және одан да ересек мүгедектер тобына жататындар (туылғаннан немесе кейіннен пайда болған), белсенді өмірлік қағиданы ұстанып және сол білімін, тәжірибесін қоғамда және өз жанұясында іске асыра алатын азаматтар құқылы .

Өтініш мерзімінің басталу уақыты 01.06.2016 және 01.07.2016 жыл аралығы

Грант соммасы 300 000 теңгеге дейін.

Көбірек кеңес алу үшін, мына мекен-жайға хабарласыңыз:

«Даму» Кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Атырау облысы бойынша аймақтық филиалы , Азаттық даңғылы, 17

Тел. 8(7122) 55-81-01 , бас менеджер Байсалихова Роза

Өтініш үлгісі, оны толтыру реті мен құжаттар тізімін www.damu-komek.kz и www.kuszholy.kz. сайтынан біле аласыз.